Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4183 0 пікір 19 Ақпан, 2014 сағат 09:47

Бейсен Ахметұлы. Қырым татарлары қилы замананның қарсаңында тұр

Укринадағы саяси дағдарыс азаматтық соғысқа айналуы мүмкін

Украинадағы саяси дағдарыс барған сайын ушығып барады.  Ал, билік қарсы тараптың  қарсылығына қауқарсыздық тантуда. Енді оларға 5000-нан астам Ауған соғысы ардагерлері мен басқа да соғыс ардагерлері қосылғанын ақпарат құралдары жарыса жазуда. Осылайша соғыс көрген топтың майданға шығуы Украинада азамат соғысының туылуына себеп болуы мүмкін.

Жалпы Евро Одақшылдар мен гейлердің(қызтекелер) билікке қарсы қимылдарының асқына бастауы –  сыртқы күштердің ықпалының артып келе жатқанын көрсетуде.  Бұған орыстар да қарап қалған жоқ, Путин Украинаның Россияға қарызы мөлшермен 30 миллиард АҚШ долларынан асқанын тілге тиек етіп, Украин үкіметін қолдау мақсатында кесіссөздерді бастап жіберді, тіптен Путиннің сөзінше, ресми Киев үкіметке кім келгеніне қарамастан келісім бойынша 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде займ түріндегі қаржыны алыпта үлгерген. Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім де күшінде қалады. Бұл туралы Путин 2014 жылы қаңтарда Брюссельде ашылған Еуропа одағы мен Ресей саммитінде айтты. 

Осылайша, Батыс елдері мен орыс арасындағы бақталастық Украина арқылы өрбіп отыр.

Укринадағы саяси дағдарыс азаматтық соғысқа айналуы мүмкін

Украинадағы саяси дағдарыс барған сайын ушығып барады.  Ал, билік қарсы тараптың  қарсылығына қауқарсыздық тантуда. Енді оларға 5000-нан астам Ауған соғысы ардагерлері мен басқа да соғыс ардагерлері қосылғанын ақпарат құралдары жарыса жазуда. Осылайша соғыс көрген топтың майданға шығуы Украинада азамат соғысының туылуына себеп болуы мүмкін.

Жалпы Евро Одақшылдар мен гейлердің(қызтекелер) билікке қарсы қимылдарының асқына бастауы –  сыртқы күштердің ықпалының артып келе жатқанын көрсетуде.  Бұған орыстар да қарап қалған жоқ, Путин Украинаның Россияға қарызы мөлшермен 30 миллиард АҚШ долларынан асқанын тілге тиек етіп, Украин үкіметін қолдау мақсатында кесіссөздерді бастап жіберді, тіптен Путиннің сөзінше, ресми Киев үкіметке кім келгеніне қарамастан келісім бойынша 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде займ түріндегі қаржыны алыпта үлгерген. Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім де күшінде қалады. Бұл туралы Путин 2014 жылы қаңтарда Брюссельде ашылған Еуропа одағы мен Ресей саммитінде айтты. 

Осылайша, Батыс елдері мен орыс арасындағы бақталастық Украина арқылы өрбіп отыр.

Украина үшін Евроодақтан да, Ресейден де  келер пайда шамалы. Екуінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оны алда сараптай жатармыз. Ал біздің бүгінгі тақырыбымыз Қырым мәселесі болып тұр.

 

Орыстар дағдарысты пайдаланып Қырымға ие болуды көздейді

Украинадағы саяси дағдарысқа байланысты  Қырым автономиялы республикасы (ҚАР) парламентінің  спикері Владимир Константинов ҚАР-дың Ресейге қосылуы мәселесін көтеріп, Ресейге қорғау туралы өтініш айтқан болатын. Ал, 19 ақпанда  бұл өтінішті Қырым парламенті қарауы тиіс. Егер парламент мақұлдаса, халықтық реферандум өтуі ықтимал. Алайда, Қырым татарлары  Киевтегі «Еуромайданды» қолдауда. ҚАР жоғары кеңесінің депутаты, Қырым татарлары мәжілісінің депутаты Рефат Чубаров ҚАР жоғарғы радасыдағы орыс депутаттарының арандату әрекетін айыптап, ҚАР –дың парламентін таратуды сұраған болатын. Бұл ұсынысты Украина халық депутаты Николай Томенко қолдап, Украина жоғарғы радасында көтерген болатын.

7- ақпанда осыған байланысты Украина Қауыпсіздік Кеңесі «мемлекеттің тұтастығын бүлдірмек болған сепаратистерге қарсы» қылмыстық іс қозғады. 

Бұл оқиғадан, Қырымдағы орыс ұлтшылдары Украинадағы саяси дағдарыстың азаматтық соғысқа ұласуын қалайтыны белгілі болды. Егер азаматтық соғыс тұтанса, бірден референдум жасау арқылы тәуелсіздікке жетуді қалайды. Егер Қырым орыс автономиясына айналса, онда Қырым татарларының соры қайнайды деген сөз.

Естеріңізге сала кетейік, Қырым 1954 жылы 19 ақпанда, Хрущевтің кезінде, Ресей құрамынан Украинаға берілген болатын. Қырымдағы орыстар осы себепті сылтау ете отырып,  РФ-нің құрамына қайтадан қосылуды армандайтыны тағы бар. Онсызда республиканың 58 пайызы орыс ұлты екенін ескерсек, орыстардың тәуелсіздікке  немесе Ресей құрамына кіргісі келуі заңды.

 

Қырым татарлары  орыс билігін қаламайды

Украинадағы саяси дағдарысқа байланысты Қырым түбегінің мәселесі де аумалы-төкпелі болып тұр. Қрым автономияалы Республикасы – өзміздің түркі жұртының, атап айтқанда Қырым татарларының отаны болатын. Қазақтың: «Ұлым Ұрымға, Қызым Қырымға кетті» - дейтіні осыдан болса керек. Ғұн патшасы Еділ Ұрымға дейін барып билік құрса, қыздарымыз Қырымға дейін ұзатылыпты. Осылайша төскейде малы, төсекте басы қосылған туысқан татар ұлтының басына тағы бір қилы кезең туатын сыңайлы. Ол Қырымдағы орыстардың автономияны орыс автономиясын Ресейге қосуға деген ұмтылысынан туындағалы отыр. Онсызда 250 жылдан артық орыс бодандығының тақсіретін тартқан, қырғыны мен зұлымдығының дәмін татқан Татар бауырларымыздың енді Орысқа байланғысы жоқ. Қайта басқа балама жолдар арқылы халықтың бағын ашуды көздейді.

Бұл оқиға 1820 жылдан 1864 жылға дейін созылған Кавказды жаулау соғысы кезіндегі Черкеш халқының трагедиясын еске түсіреді. Сол кезде патша әскерлері  черкеш халқын қызыл қанға бояды, аман қалғандарын қудалады, жерінен аударды. Черкештер қазір сол өз атамекендеріне, атап айтқанда Сочиге саяхатшы болып келіп жатыр. Егер Қырым Республикасы Орыс Автономиясы ретінде тәуелсіздікке қол жеткізсе, Қырым татарларының басына да дәл сол Черкеш трагедиясы түсетіні белгілі.  

Естеріңізге сала кетейік,  1873 жылы 19 сәуірде Осман империясы мен орыс патшасы Екатерина ІІ қол қойған «Кучук-Кайнарджы келісім шартында»  Қырымды Ресейге беру туралы келісім жасалған болатын. Әрине, орыс империясы кез келген уақытта қазақ, татар, ноғай қатарлы халықтырды қатты қырғындап отырғаны белгілі. 1944 жылы 18-мамырдан бастан 1945 жылға дейін  Совет Одағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойынша,  Қырым татарлары «Немістерге қосылып, отандарын сатты» деген жаламен  жер аударылыды. Бейресми санаққа қарағанда, бұл жолы 200 мыңға таяу жер аударылған қырымтатарларының  46 пайызы өлген. Қырым татарларына тағылған бұл айып 1974 жылы формалды түрде, ал нақты  Михаил Горбачевтің кезінде 1989 жылы алынып тасталған болатын. Сонымен олар Атамекендеріне қайта орала бастады.

2013 жылдың соңындағы санақ бойынша Қырымның жан саны 2 млн адамға жақындаған. Оның 55 пайызы орыстар, 24 пайызы украиндер болса,  13 пайызы татарлар екен. Осылайша өз мекендерінде азшылыққа айналған туысқандарымыздың саяси әлемдегі күші шамалы болып тұр.

 

Украина, түркі әлемі Қырым татарларын қолдайды

 Біріншіден, ҚАР жоғарғы кеңесіндегі Орыс депуттарының бұл арандатулары негізсіз. Орыс империясының кезінде отарына айналған елді енді орыс автономиялы республикасы ретінде көргілері келуі – тарихи генодциттерінің жалғасы болмақ. Бұған Украина да, Қырым халқы да, халықаралық әлем де қарсы.

Екіншіден, қазірше Қырым татарларының ұпайы жаман емес. Олар орыс депутаттарының арандату әрекетін айыптап, Евромайданды қолдау арқылы» украина халқының алдында бедел жинады. Орыс ұлтшылдарына қарата Украина билігін орынды қолданып, өздеріне ыңғайлы саяси одақты құрды.

Үшіншіден, Түркия,  Әзербайжан, Қазақстан қатарлы түркі, туысқан мемлекеттермен тығыз байланыста бола отырып, халықаралық сахнада қолдаушы күштер тапты. Енді бір жағынан, орыстарды ұната бермейтін Батыс елдері де саяси тұрғыдан татарларды қолдайтыны белгілі, бұл тіптен Украина билігін де ойландыратын мәселе.

Төртіншіден, Евроодаққа кіру – Қырым татарларының тарихи «генодцидті» себеп етіп, ұлттық құқын қоғауына, Республикада басымдылыққа жетуіне себеп болады.

 

 Ресми Мәскеу әзірше бұл туралы ауыз ашқан жоқ. Бұл бір жағынан Сочи олимпиядасын тыныш өткізу үшін болса, екінші жағынан әліптің артын баққаны болу мүмкін.  

Жалпы Қырым түбегінің Ресейге қосылуы  немесе тәуелсіздік жарялауы қазірше мүмкін болмайтын іс. Себебі, Қырымды Украина қолдан шығармайды, Ал  Ресей қолдай қоймайды. Ол кешегі Авхазия мен Оңтүстік Осетия сынды оңай шағылатын жаңғақ емес. Артында қаптаған саяси стратегия жатқан күрделі мәселе. Керек болса, Түркі әлемі мен Батыс елдері көз тігіп отырған саяси аумақ.  Украинаның немесе Түркияның ұсынысмен, Европаның   демократиясын сылтау етіп  НАТО әскерлері де, БҰҰ қауыпсіздік күштері де кіре алады. Ал Орыс қарулы күшпен киліксе, өзінің Қазақстан, Татарстан  сынды маңызды әріптестерінен айырылып қалатыны даусыз. Путин бұл жағынан Украинаны қолдау арқылы өзіне саяси ұпай беретін жолмен жүретіні белгілі.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда, тусқан Қырым татарлары өздерінің кемелдеріне келіп, көпшілікке айналғанша,  Ресей сияқты диктатор мемлекеттерден алыс тұрғаны жақсы. Тіптен демократияшыл Евроодаққа қосылып, Қырым генодциті қырғынын себеп етіп, өздеріне бейбіт те, пайдалы қоғам құрулары керек. Мүмкіндігінше халықаралық қауымдастықтары мен Украина билігінің қолдауын ала отырып,  Қырым татарларының тарихи отандарына қайтуларына саяси, қаржылық жақтан мүмкіндік жасаулары керек.  Қазірше ол жағы ретімен дұрыс дамуда.   

Жақында,  Қырым татарлары  мәжілісінің  жетекшісі Рефат Чубаров пен оның орынбасары Өмер Асылан Түркия  премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен,  сыртқы істер министрі  Ахмет Дауытоғлумен  Берлинде кездесті. Кездесуде түріктердің Қырым татарларына  түрлі деңгейде қолдау көрсету мәселесі,  халықаралық жақтан қолдауларға ие болу, әлеуметтік көмекті жандандыру мәселелері жан-жақты талқыланған.

Қысқартып айтқанда, Қырым Автономиялы Республикасының тәуелсіздігі мен болашағы –біз, Түркі жұртының аңсаған армандары. Ал сол күнге жетуге әзірше мүмкіндік шамалы. Тек орыс шовинистері мен басқа да арандатушы топтардың пайдаланып кетуінен сақтану қазір өте маңызды.  Қалай болмасын Украинаның  Евроодаққа кіруі Қырым татарларының  арманына жетуін сәл де болса жақындататын тарихи белес болуы мүмкін.

 

 

(1-сурет. Қырым түркілерінің жетекшісі Мұстафа Әбдіжәмелұлы Қырымлы Берлиндегі  Түркстанның ұлттық жетекшісі Мұстафа Шоқайдың қабіріне барып құран бағыштаған сәті. 2012ж)

(2-сурет. Түркия үкімет басшысы Ердоғанмен кездесу кезіндегі ҚАР жоғары кеңесінің депутаты, Қырым татарлары мәжілісінің жетекшісі Рефат Чубаров пен оның орынбасары Өмер Асылан, 2013)

(3-урет. ҚАР жоғары кеңесінің депутаты, Қырым татарлары мәжілісінің жетекшісі Рефат Чубаров)

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560