Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Билік 1282 13 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 11:02

Жолдау: Заң мен тәртіп һәм референдум маңызы

Сурет kaztag.kz сайтынан алынды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы үшін маңызды мәселелердің бірі – референдум. Референдум сөзі латын тілінен «хабарлануға тиісті нәрсе» деп аударылады, яғни, мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу деуге саяды.

Референдум арқылы шешім қабылдау мәселесі демократиялық институттары дамыған елдерде жиі пайдаланылады. Референдумға салып, шешім қабылдау мәселесі Орталық Азия елдерінің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ата заңымызды (1993 жылы қабылданған) қайта жаңартып, толықтыру үшін пайдаланған болатын.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекетік істе халықтың пікірімен санасып, еліміздің өркендеп, дамуына ықпал ететін оң шешімді халық болып қабылдаудың маңызы аса зор. Билік пен халық арасындағы мәмілені жақсартып, өз еліміздің болашағы үшін маңызды қадамды қабылдау алдында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қалыптастыруда халықпен қоғамның және халықпен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматын қабылдау туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Мемлекетіміз үшін аса маңызды мәселені халық болып талқылап, 18 жасқа толған әр азаматтың Конституциялық құқықтарын пайдаланып, өз ойын білдіріп, ел мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдауы қоғамымыздағы ашықтықты қамтамассыз етеді. Болашақ жастардың да өз елінің мүддесіне сай кез келген мемлекеттік деңгейдегі мәселенің шешіміне әр азаматтың ойы мен қолдауы маңызды екенін түйсініп өсуі, қоғамдағы көп мәселенің ашық талқыланып, оң шешім қабылдануына ықпал етеді. Сан қырлы тарихымызға көз жүгіртсек, Қазақ хандығында халықтық жиналыстарда мемлекеттік маңызы бар істі билік пен халық жұмыла шешіп, мемлекет басшысы мен ел ішіндегі игі жақсылар халықтың ойы мен пікіріне құлақ асқан, санасқан. Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас деп осыны айт.

Бүгінде Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыға салынып, Мемлекетіміздің ресми парақшасында бұл мәселені референдум арқылы халықтың үнін тыңдап, дұрыс шешім қабылдау міндеті қойылды. Бұл өзекті мәселені талқылауда халықтың бір тобы қолдап, екінші бір тобы қарсы пікір айтуы заңды. Ең маңыздысы, Мемлекетіміздің болашағы үшін бұл шешімнің дұрыс қабылдануында. Болашақтың іргесін дұрыс қалаймыз десек, Қазақстанның барлық азаматтары бұл мәселені зерттеп, зерделеп оң пікірін береді деп сенемін. Өйткені, келісіп пішкен тон келте болмайды!

Назия Айтбайқызы Тасилова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2089