Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкжиек 905 0 пікір 15 Қыркүйек, 2024 сағат 16:20

Қазақстандағы кітап думанына 10 жыл!

Суреттер: «Kitap Fest» кітап фестивалі ұйымдастырушыларынан алынды.

14-15 қыркүйекте Алматыдағы Арбат алаңы әркім іздегенін тапқан нағыз кітап патшалығына айналды.

Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы және қаланың Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырған «KitapFestAlmaty» кітап фестивалі өзінің он жылдығын атап өтті. Шара қала күні қарсаңында мегаполистің ең ірі мәдени шарасына айналды. 2014 жылы бастау алған фестиваль бүгінде әдеби мәдениетті насихаттаудың бірегей платформасы ретінде танылған және бұл дәстүрден биыл да жаңылған жоқ. Ерекшелігі сол, фестиваль 10 жылда алғаш рет екі күн қатарынан өтті, бұл мегаполистің кітап сүйер қауымын қуантпай қоймады.

«Келешек кітабы» ұранымен өткен мерейтойлық фестиваль түрлі бағдарламасы және кең ауқымымен таң қалдырды. Фестивальдің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектіңайтуынша, «KitapFestAlmaty»кітапсүйер қауымды,авторлардыжәнеәдебиетсаласындағыжетекшісарапшылардыбіріктіргенқазақстандықтарүшіннағызмерекеболды.Олфестивалькітапқа деген сүйіспеншіліктіңсимволынажәнеҚазақстандағыкітапмәдениетіндамытудағымаңыздыкезеңгеайналғанын атап өтті.

«Кітап – ұлт руханиятын дамытып, жас буынды ізгілікке тәрбиелеуде аса маңызды рөлге ие. Kitap fest-тің басқа фестивальдерден айырмашылығы неде? Біріншіден, Kitap fest-бұл Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Екіншіден, бұл жай ғана кітап жәрмеңкесі емес, біз мәдениетті және оқуға деген сүйіспеншілікті насихаттаймыз. Әрбір кітаптың өз оқырманы бар. Сол сияқты әр жазушының да өз аудиториясы бар. Жобаның мақсаты оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен оқырманға кездесу алаңын ұйымдастыру.

Фестивал өткен екі күнде көрермендер көптеген интерактивті орындар арқылы кітап әлемін шарлады. Қазақстандық жазушылармен кездесулер, балаларға арналған түрлі шеберлік сыныптары, көрмелер мен конкурстар келушілердің назарынан тыс қалмады. Жетекші баспалар мен кітап дүкендерінің жәрмеңкелері кез келген талғамға сай кітаптар ұсынды, ал танымал тұлғалармен кездесулерде қазіргі әдебиеттегі трендтер мен жетістікке жетудің құпиялары айтылды.

Фестивальге70-тен астам кітапдүкендеріменбаспалар қатысты,жүздеген пікір жетекшілері сөз сөйледісондай-ақ, қазақстандық авторлардың сиясы кеуіп үлгермеген 50-ге жуық жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Фестиваль қатысушыларыәдебиеттегіболашақтенденциялартуралыой өрбітіп,мұндайшараларелдіңмәдениөсуімендамуынаықпал ететінін атап өтті.

«Биыл біз алғаш рет баспа ретінде қатысып отырмыз. Байқағанымыз-көркем әдебиет, балалар әдебиеті, нонфикс жанры, олардың барлығы бізде өте жақсы дамыған. Алайда, ғылыми бағыттағы әдебиеттер мен баспалар өте аз. Сондықтан біз, былайша айтқанда, осы салаға үлес қосқымыз келеді. Келген қонақтар мен оқырмандардың шынайы көзқарасы мен қызығушылығы бізді бей-жай қалдыра алмайды. Фестивальге жыл сайын қатысамыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті Qalan Publishing басшысы Садық Шерімбек

Аталмыш шараға шетелдік қонақтар да қатысты. Түркия елшілігінің өкілі Айхан Коркмаз фестивальдің ауқымы мен форматына таңданыс білдіріп, мұндай іс-шаралар арқылы мәдени тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

«Фестивальдің 10 жылдығы өте керемет өтіп жатыр! Мұндай шаралар қоғам үшін әсіресе жастар үшін өте маңызды. Біздің мақсат екі ел арасындағы терең, тарихи және бауырластық байланысты көрсету. Фестивальмен әрі қарай да ынтымақтасамызды арттырамыз деген үміттемін».

«KitapFestAlmaty» оқу мәдениеті жай хобби емес, тәрбие мен білімнің маңызды элементі екенін тағы бір дәлелдеп берді. Фестиваль тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар, білімді және кітап құмар қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды. Фестивальге келгендер мұндай оқиғалардың кітапқа деген қызығушылықтың артуына ықпал ететінін және жаңа жетістіктерге шабыттандыратынын айтты.

* Анықтама үшін:

«Kitap Fest» кітап фестивалі – 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан елорда тұрғындарының өміріндегі мәдени-бұқаралық іс-шара. 10 жыл ішінде ол шығармашылық кездесулердің негізгі алаңына айналды, шарада авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап ұсынылды, жәрмеңкелерге 300-ге жуық кітап дүкені қатысты. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының статистикасы бойынша: 2023 жылы 4012 кітап пен буклет тіркелген. Алматы мен Алматы облысы 1974 кітап пен буклет шығарды. Олардың ішінде 743-і оқулықтар мен оқу әдістемелері, ал 1083-і — көркем әдебиет, оның ішінде 185-і — поэзия, 6-уы — драма, 372-сі — проза, 8-і — комикстер, 11-і — тарихи романдар. Сондай-ақ, 2023 жылы қазақ тілінде 2543, орыс тілінде 1312, ағылшын тілінде 130 кітап тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373