Жексенбі, 13 Қазан 2024
46 - сөз 2511 13 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 14:58

Ұлттық идеология қандай болуы мүмкін?

Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

(өз ойым)

Елдос Орда желіде

"Тәңіршіліктің жойылумен бірге қазақтың бұрыннан келген көп дәстүрі жоғалады" дей отырып, Елдос орда исламның қандай жағдайда да үстем болып қаларын айтып отыр... Яғни, "жеңіске жеткен ислам" жеңілген тәңіршілікпен бірге ондай салт-дәстүрлерді "ығыстыруға" мәжбүр болады дейді...

Сөйтіп, ол Исламды "алыс қашықтықтан" қорғаштап, ол діннің (исламның) "қай бағытта дамуы керек екенін" өзінің "идеология керек" деген сөзіне сидырған.

Яғни, мұнда исламды идеологияға ендіру көзделген.

Ендеше, ол жағдайда Дін қалайда Идеологияның діни платформасы болып шығады екен...

(Былайша шындық сияқты).

Алайда, мұнда қазақтың салт-дәстүрлеріне деген "сұраныс" оның ұлт ретінде дамумен, дербес мемлекет ретінде дамуымен бірге арта беретіні ескерілмеген. Автор мұны есепке алмаған...

Олай болса, салт

т-дәстүр "тәңіршілікпен" бірге жойылып кетпейді.

Керісінше, салт-дәстүр "тәңіршілік" арқылы өз позициясын нығайта түседі.

Құдайға шүкір, "тәңіршілер" қазір өздерін "дінбіз" демейді. "Дүниетанымбыз" дейді. Олар сол арқылы қазақ салт-дәстүрлерінің дүниетанымдық және философиялық мазмұнына иелік етуде.

Ақыр соңында, қазақтар діни радикализмнен арылып, осы "тәңірмен ұштасқан" дүниетанымды (ішінде діни мағынаға жақын наным-сенімі сақталған) өзінің "мемлекеттік және қоғамдық даму идеологиясы" етіп қайта құрады (эволюция заңы).

Қазақ, осы тұрғыда көрші қытай сияқты қалыпты таңдайды. (Қытайда дін жоқ, конфуцианство ілімі бар.Бар саланың ережесі соған негізделген).

Ал, бізде осыған ұқсас Тәңір ілімі күшейеді.

Ол ілім Конфуциянство сияқты ғылым мен білімге ашық.

Сондықтан, тәңіршілік - қазірден бастап ғылым-білімді алға шығарып жатыр.

Болашақ осы бағытта дамиды

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

13 пікір