Жексенбі, 13 Қазан 2024
Қоғам 1812 24 пікір 27 Қыркүйек, 2024 сағат 17:02

Асхат Рахымжанов: АЭС құрылысы еліміз үшін маңызды

АЭС салу мәселесі 6-шы қазанда болатын референдум арқылы шешіледі. Осы орайда біз АЭС құрылсы қаншалықты тиімді екенін білу үшін Мәжіліс депутаты Асхат  Рақымжановтың пікірін білген едік.

-Асхат Нұрмағамбетұлы, АЭС құрылыс процесі қалай жалғасады және ол жергілікті халықтың өміріне қалай әсер етеді?

- Құрылыс саласы бойынша бұл жерде мемлекеттік комиссия жұмыс істейтін болады. Бүгінде АЭС салу бойынша  4 жоба бекітіліп отыр. Бұл компаниялар Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай мен Франция елдерінен өз жобаларын ұсынуда. Құрылыс 10 жылға жуық созылады деген болжам бар. Ал онымен қоса 10 мыңнан астам  ада құрылыс жұмыстарына тартылады деп айтылуда.  Яғни 10 мың адам жұмыспен қамтылады. Бәлкім бұдан да көп адам қамтылуы мүмкін оны инвесторлар мен  құрылыс нысанын жүргізетін компаниялар өздері шешеді. Ал АЭС салынғаннан кейін 2 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Яғни оның 20 пайызы  ядролық физика саласының мамандары. Жергілікті халыққа қалай ісер ететінін айтатын болсам, ең алдымен қосымша жұмыс түрлері пайда болады. Одан бөлек электр энергиясының тапшылығы шешіледі. Егер АЭС Балқаш өңіріне салынатын болса еліміздің оңтүстік өңірін электр желісімен қамту қарқыны артады. Одан бөлек тарифтерде де өзгеріс болады деген болжам  бар. Алдағы уақытта компаниялар қандай құрылыс материалдарын қолданатынын айтатын болады.

-Халық тарапынан мониторинг пен бақылау қалай жүзеге асады?

- АЭС  салу біздің еліміз үшін ең маңызды екені белгілі. Ал оған қоғамның үн қосуы әрине табиғи нәрсе. АЭС құрылысы біздің елді ғана емес, шетелерді де қызықтырып отыр. Жоғарыда айтып өткенімдей арнайы комиссия  болады, оның құрамына тұрғындар да қабылдануы мүмкін. Бүгінде жан жақты материалдар дайындалуда. Одан бөлек АЭС құрылысына қатысты референдум өтпек. Осының барлығы халықтың қызығушылығы бар екенін көрсетеді. Сондықтан бұл жоба қоғам назарында болады.

-Халық пен қоршаған ортаға келеңсіз зардаптар болған жағдайда мемлекет пен компаниялардың жауапкершілігі қандай?

- Бұл жерде Қазақстан 2011 жылы Вена конвенсиясына қол қойғанын айта кету керек. Ол жерде АЭС  қауіпсіздік шаралары мен зардаптарына арналған бөлімдер бар. ЕҢ басты мақсаты ядролық апат болған жағдайда АЭС шығынның барлығын өтеуі керек. Әрине ондай жағдай болғанда. Келтірілген залалдың маштабюы толығымен зерттелетін болады.

-Жергілікті халық үшін қандай әлеуметтік пакеттер болады, аймақтың инфрақұрылымын жақсарту мүмкін бе?

-Қазіргі таңда қандай да бір әлеуметтік пакеттер туралы мәлімет жоқ. Себебі алдағы 3-4 жылда құрылыс тың жобалық-сметалық құжаттары реттелетін болады. Әрине АЭС салынатын аймақта инфрақұрылым дамиды. Одан бөлек денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік салаға да әсері болады. Жоғарыда айтып өткенімдей 10 мыңнан астам жұмыс күші тартылатын болса әрине АЭС салынатын өңірдің әлеуеті дамиды. Менің ойымша АЭС инфрақұрылымы даму керек аймаққа салынуы керек. Мысалы Үлкен ауылына салынатын болса, болашақта ол жердің үлкен қалаға айналуына мүмкіндік бар.

-Атом электр стансасы аймаққа электр энергиясынан басқа қандай пайда әкеледі?

- Өздеріңіз білесіздер Қазақстан БҰҰ-ның  тұрақты даму бастамаларын қолдайды. Ол жерде ең алдымен әлемнің жасыл экономикаға бетбұрысы  айқындалып отыр. Біздің елде осы бағытты жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Біз атмосфераға зиянды қалдық шығаратын станциялардан арылуымыз керек. Ал АЭС құрылысы сол бағыттың бастауы. Мысалық Еуропалық компаниялар АЭС экология залал келтірмеуіне мән береді. Сондықтан қосымша инвесторларды тарту мәселесінде, экологияға келетін залалы аз компанияларды таңдау маңызды.

 

Abai.kz

 

 

24 пікір