Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
84 2 пікір 29 Қыркүйек, 2024 сағат 20:30

Еуропадағы елшілік ертегілер жинағын таныстырды

Сурет Қазақпарат сайтынан алынды.

Еуропадағы елшілік ертегілер жинағын таныстырды. Атап айтқанда, Словакияда «Ғажайып бақ» қазақ ертегілер жинағы жарық көрді. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 

Словак тіліне аударылған «Ғажайып бақ» балалар ертегілері жинағының тұсаукесер рәсімі Баньска-Быстрица қаласының Мемлекеттік кітапханасында өтті.

Сурет Қазақпарат сайтынан алынды.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев екі ел - Қазақстан мен Словакия арасында халықтың мәдени мұрасын өзара зерделеумен мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.

«Ғажайып бақ» кітабы күн астындағы Күнкей, Айсұлу және оның үш ағасы, Қобыланды, Абат және Ақбай батырлардың ерліктері, Аяз би аңыздары мен Алдар Көсенің шытырман оқиғалары туралы ертегілердің таңдаулы жинағы. Кітапта сондай-ақ қазақ халқының поэтикалық шығармашылығын, оның жақсылықтың зұлымдықты жеңуіне деген берік сенімін бейнелейтін жануарлар мен құстар туралы ертегілер ұсынылған.

Abai.kz

2 пікір