Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
46 - сөз 1808 0 пікір 2 Қазан, 2024 сағат 19:00

Украина майданы һәм Ресей жеріндегі соғыс

Сурет Неміс толқыны сайтынан алынды.

Біз Таяу Шығыстағы тасыр-түсірге алаңдап отырғанда, Украина майданында да қыз-қыз қайнаған шайқастар жүріп жатыр. Сол жаққа қарай бір шолу:

ДОНЕЦКІ ОБЛЫСЫ: УГЛЕДАР

Нағыз қанқасап шайқас дәл қазір Донецкі облысының Угледар дейтін шағын қалашығында жүріп жатыр. Бұл қала қазір үш бағыттан жау қоршауында қалды. Соғысқа дейін 14 мың адам өмір сүрген қалада қазір адам саны жүзге де жетпейді.

Угледарды Ресей 2,5 жыл бойы шабуылдаумен келеді. Былтыр Ресейдің Тынық мұхит флотына қарайтын 155-ші бригадасы Угледарға шабуылдап, жеке құрам мен техниканың 80 пайызы талқандалған. Сөйткен, Угледар Ресей бақылауына өтті. Қаланың солтүстік бөлігінде 300-ге таяу Украина сарбазы қалуы мүмкін.

Донецкі облысындағы ұрыс нүктелері: Красный Лиман бағытындағы Невский мен Макеевкіде де қияқкескі шайқас жалғасып жатыр.

ХАРЬКОВ ОБЛЫСЫ: ВОЛЧАНСКІ

Харьков облысында «Волчанскі агрегат зауыты» бар. Бір апта бұрын Украина зауыт аумағын жаудан тазартып, толық бақылауды өз қолына алған. Ресей әскері осы зауытқа да шабуыл жасауда. Бірақ, сондай бір қуатты шабуыл емес. Бронды техникамен қаруланған Ресейдің әскери топтары зауытқа шабуылдап, үлкен шығынға ұшырады. Тіпті, Ресейдің әскери корреспонденттері де бұны сынап жатыр.

Харьков облысында қызу шайқас жүріп жатқан тағы бір нүкте бар. Ол – Вишевое ауылы. Бұл жақта да Ресей әскері тойтарыс тапқан.

КУРСКІ ШАЙҚАСТАРЫ

Бұл бағытта қазір айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Украина өз позицияларын ұстап отыр. Керісінше, Украина бұл бағытта жаңа бригадалар жасақтап, жау позицияларына дүркін-дүркін соққылар ұйымдастыруда. Және жаңа елдімекендерге қарай жылжуға әрекет етуде. Курскідегі негізгі шайқастар Глушковскі және Суджа аудандарының территорияларында жалғасуда.

Глушковскі ауданында Новый Путь ауылы үшін кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Нәтижесі – итжығыс.

Суджа ауданында Ресей Плехово ауылын қайтарып алуға тырысуда. Бірақ бұл тырысулары сәтсіз аяқталып жатыр.

Коренево бағытында негізгі ұрыстар орман ішінде жалғасуда. Украина бұрыннан орманда шайқасудың шеберлері ғой. Кей жерлерде жауды алдап, орманға кіргізіп алып, төбелерінен термит төгіп, тірідей от құрсауында қалдырып жатқанын осыған дейін жазғанбыз.

БЕЛГОРОД ОБЛЫСЫ

Айтпақшы, Ресейдің Белгород облысында Украинадан соққы жеп жатқан Шебекино деген жер бар. Кешелі-бүгін Украина Шебекиноны аяп жатқан жоқ. Бүгін осы Шебекиноның Новая Таволжасы соққы жеді. Ал Белгород облысының шекаралық Краснояружскі ауданындағы Вязовое ауылы да таяқ жеді бүгін.

Нұргелді Әбдіғанидың желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 846
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1086
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1030