Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 3318 3 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 19:19

Сенатор: Халық өз таңдауын көрсетті...

Сурет aikyn.kz сайтынан алынды.

Сенат депутаты Амангелді Толамисов атом электр стансасын салу бойынша халық өз таңдауын жасағанын айтты.

Оның айтуынша, кешегі өткен референдум еліміздің болашағы үшін маңызды, қоғамда қызу талқыда болған.

–  Референдум – бұл еліміздің ең өзекті деген мәселелерді халық болып шешудің тетігі. Атом электр стансасын салу бойынша халық өз таңдауын көрсетті. Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, дауыс бергендердің төрттен үш бөлігі келісімін берді, –  деген ол.

Сенатор Мемлекет басшысы Жолдауында референдум күні белгілі болған күннен бастап, әлеуметтік желілерде, ел ортасында осы мәселенің талқыға түскенін айтты.

–  Көбінесе атом энергетикасы саласына қатысы жоқ адамдардың негізсіз, эмоцияға негізделген ақпараттары мен әртүрлі атом энергиясы бойынша аңыздар ел арасында тарай бастады. Бірақ республикалық және өңірлік штабтар құрылып, нақты мамандармен бірлесіп жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде, халық нақты ақпараттардан құлағдар болып, өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алып, өз таңдауын жасады. Жалпы, осы өткен референдум азаматтық қоғам мен елдің демократиялық институттарын нығайтудағы маңызды қадам болды. Мұнымен қоса, жұртшылық осы мәселе бойынша сындарлы диалогке қатысып, бұл референдумның деңгейін сапалы түрде көтеріп, оның еліміздің саяси тарихы үшін жоғары маңыздылығын көрсетті, –  дейді ол. 

Дереккөзі: Айқын гәзеті

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1948