Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Қоғам 2815 3 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 15:32

АЭС құрылысы: Консорциумда қанша ел болады?

Фото: kapital.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болатынын айтты.

- Меніңше, консорциум құрамында бес мемлекеттен артық ел болмайды. Атом электр станциясы бір ғана нысан емес, оның құрылымы бірқатар нысаннан тұрады.

Сондықтан әртүрлі елдердің озық технологияларын алғанда және оны жобалау кезінде осындай жұмыстарды жүргізу міндеті тұр. Онымен қоса, бұл станцияның құрылысына түрлі компаниялар мен қосалқы мердігерлер қатысады. Мұндай әлемдік тәжірибе қазірдің өзінде бар, өйткені ядролық құрылғыны бір ел, турбинаны екінші ел жасай алады.

Мұның бәрі қосылып жақсы нәтиже бермек. Сондықтан біз тек бір мердігерге мен жеткізушіге тоқталмай, тәжірибе көрсеткендей, ең тиімді жұмыс істейтін консорциум құруымыз керек. Мәселе сонда, - деді Роман Скляр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1149
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1601