Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 2436 2 пікір 9 Қазан, 2024 сағат 15:12

Түрік атауының мағынасы не? Түрік аңызы шын ба?

Сурет Ерзат Кәрібайдің парақшасынан алынды.

«Түріктердің (突厥, көнеше түргүт, тұррұт, торғауыт осы түріктің көпшесі) арғы тегі Пиңлияңдық аралас ғулар (аралас нәсіллі көшпенділер) еді, олар ғұндардың бір тармағы, билеуші әулеті Ашына. Соңғы уэй әулетінің патшасы сақаларды (ғұнның бір тайпасы) жойғанда, Ашына 500 отбасымен келіп нонендерге (жужан) бағынды да, Алтынтауды (Алтай) мекендеді. Алтынтаудың пішіні дулығаға ұқсайды, дулыға түрік деп аталады, сондықтан олардың аты болып кетті».

Алтай тауынның тұтас пішіні дулығаға ұқсату ол кезде мүмкін емес, тек сондай шоқыға қаратылған сияқты! Ал түрік сөзі соғды тілінде дулыға деген мағына береді. Ал дулығаға ұқсайтын шоқы қытайдағы Өр алтайдың Көктоғай ауданындағы Әмірсана шоқысы! Бәлкім түріктер жер астынан шығып, оншақты азамат Алтай тауының осы Әмірсана шоқысы маңын мекендеген сияқты.

Аралас ғу дегені - ғұн заманында қалыптасқан сақ тайпаларымен (еуропа нәсіл) ғұн тайпалары (моңғолойд нәсіл) араласуын көрсетеді. Осы рулар 3-4 ғасырда климаттың суытуынан оңтүстікке ауып Пиңлияңға кірген сияқты, кейін қайта шетке, яғни, солтүстікке босқан. Бұл 350-жылдардағы қытайлардың ғуларды қыруымен қатысты болуы мүмкін.

Ал Ашына туралы екі пікір айтуға болады:

1.Соғды тілінде көк, яғни, көк аспан деген сөз. Асена-көк, көктүрік деген соған байланысты болуы мүмкін. Ұлыстың туы да бөрінің басы кестеленген көк ту болған.

2. А қытайша құрмет сөзі, оны қытай деректері қосқан, ал нақ атауы шене немесе шоно - ол санби, жужан моңғолша қасқыр деген сөз. Бізше қасқыр деген дұрысырақ, үйткені түріктердің қасиет тұтар тотемі бөрі, қасқыр. Оны әулет аты етуі заңды, ал ғұндар жер асты кесетке адамдармен байланысты болғандықтан олар ұлуды(айдағар) тотемі еткен, ақсүйек руы ұлутек. Моңғолдар арғы тегі көккөзді, сары шашты ғарыш адамы болғандықтан(Алан сұлудың құрсағына нұр сіңіретін тілсім дүние адамы) Ясукейден туған ұлдар көкөз сары шашта аққұба болып бөржігін әулеті ақсүйек әулетке айналады. Шыңғыс қағанғада сол көктегі тәңірдің тілсім күштері күш бергені даусыз.

Шығу тегі аңызы:

Олардың арғы аталары батыс теңіздің жоғарғы жағында (Каспиді не Балқашты білдіреді) мемлекет құрып еді. Оны көршілес мемлекет жойды да ер-әйел, кәрі-жас демей түгел қырды. Бір он жасар ер баланы баласынып өлтіруге қимай қол-аяғын кесіп иен далаға тастады. Бір қаншық қасқыр оған үнемі ет әкеліп беріп тұрды, соны аужал етіп бала өлмей аман қалды. Кейін келе бала қасқырмен жақындасып оны буаз қылды. Қаншық қасқыр баланы көтеріп Батыс теңіздің шығысындағы бір тауға барды, бұл тау Гаучаңның (Тұрпан) солтүстік батысына тура келеді (Тәңіртауының боғда сілемі), ол тауда үңгір бар еді. Қасқыр сол үңгірге кіріп аумағы 200 шақырымдай шалғынды кең жазыққа кез болды, қасқыр сол үңгірде он ұл туып, ол ұлдар ержеткен соң өзге елден әйел алып бала сүйді. Әрқайыссының өз есімдері болды. Соның бірі Ашына еді. Олардың ұрпақтары өсіп-өніп неше жүз отбасы болды. Талай заман өткен соң олар бірінен соң бірі үңгірден шығып жудандарға бағынды. (Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том).

Көшпенділердің тарихы әрқашан табиғаттағы тылсым күштермен тығыз байланысты болып келген. Бұндағы ұрғашы қасқыр аң емес қасқыр басты сиқырлы озық өркениет иесі болса керек, ол туралы қазақ ертегілерінде де бар. Ал үңгірге келсек ол жәй үңгір емес жер астындағы сиқырлы тіршілік орналасқан жерге дейін жететін тунел іспетті шұңғыма. Сол жер астында сиқырлы тіршілікпен будандасқан адамның ұрпағы болашақта ірі империя құратын ақсүйек әулетке айналады. Сол үшін олар қасқыр басты адамнан туғанын мақтан етіп тегін шешелерінің тегімен атаған. Ал қырғынға келер болсақ санби тайпаларының жорықтарынан жойылған тайпаның бірі болса керек.

Былай деп те айтады:

«Бұлардың арғы аталары ғұнның солтүстігінлегі сақ елінен шықты, олардың ұлыс абасы Абам бек деп аталады. Ол 17 ағайынды еді, оның бірі Иді ншида еді, ол қасқырдан туды. Абам бектері тумысынан ақымақ болды ла мемлекеттері жойылып кетті. Ал Иди ншидада тәбиғаттың өзгеше құбылысын сезе алатын өзгеше қасиет бар еді. Ол күн жауғызып, жел соқтыра алатын еді. Ншида екі әйел алды, оларды жаз тәңірі мен қыс тәңірінің қыздары дейді. Олардың үлкенінің аты Нағыд түрік шад еді. Халқы оны қошаметтеп өздеріне көсем етіп сайлады оған түрік деген атақ берілді. Түріктің балаларының бәрі шешелерінің әулет есімімен аталды. Ашына солардың бірі еді, оның лауазымы ағын шад деп аталады. Бұл айтылуы өзгеше болғанымен түріктердің арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды.
Олардың салты ғұндармен ұқсас. Тек парқы елбасылары алғаш таққа отырғанда жасауылдары мен мәртебелілері оны ақ киізге отырғызып (Шыңғыс ханның, барша қазақ ханды осылай сайлайды) күннің бағытымен тоғыз рет айналады, әр айналғанда қарашалар оған тағзым етіп отырады. Онан кейін оны атқа мінгізіп мойынын торғынмен орап демі үзілместей етіп қылқындырады да «неше жыл қаған боласың?» деп сұрайды, есеңгіреген елбасы нақты айта алмайды. Ұлықтары оның айтқанына сай өздері есептеп шығады. Туларында бөрінің зерлі бейнесі бар, өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау үшін осылай істейді».

Бұл аңыздада Иді Ншида қасқыр басты адамнан туған, сиқыр дарыған қасиетті адам болған, әйелдеріде тілсім күштердің қыздары, біздегі ертегілердегі перінің қызы сияқты. Ұлдарының бірінің аты Нағыд түрік шад, Нағыд соғдыша венера(шолпан) жұлдызының аты, демек шешесі өзге ғаламшарлық болуы мүмкін, түрік өз аты соғдыша дулыға, осы түріктің ұрпағы кейін түрік деген руды қалыптастыруы өте қалыпты құбылыс. Түрік нағыд шадтың ұлдарының бірі Ашена, арғы тектерінің қасқыр текті екенін ұмытпау үшін қойылған сияқты, немесе соғдыша аспан болуыда мүмкін, кейін түріктен оншақты ру өрбіген кезде ашина билеуші әулет болып қала берген.

Нағыд түрік шадтың атынан түрік аты шықса онда ол қазіргі Алтайдың Әмірсана шоқысы маңын мекендеген болуы мүмкін, шоқының атыда сол түріктің атымен аталса керек.

Аңыз түбі ақиқат, бәрі миф, ойдан шығарылған дегеннен арылу керек!

Ерзат Кәрібай

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1948