Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 846 7 пікір 16 Қазан, 2024 сағат 14:19

Қарақат Әбен: Әкімдерде жауапкершілік жоқ!

Сурет parlam.kz сайтынан алынды.

Ауылдарды дамытуға бөлінген қаражат 2019 жылдан бері 6 есеге көбейген. 2019 жылдан бастап ауылдардағы жолдардың нашарлығынан бастап, интернетке қолжетімсіздігіне дейінгі басты проблемаларын шешуге қаражат алты есе көп бөлінген, яғни сол кезде 29 млрд теңге бөлінсе, биыл 194 млрд теңге бөлінген!

«Мемлекет зор қолдау көрсетсе де, іс жүзінде не көріп отырмыз? Қаражат игерілмейді, мерзімдер бұзылуда, жобалар сапасыз орындалып жатыр. Мұның бір үлкен себебі бар – көбінесе аудан әкімдерінің кәсіби біліктігінің төмендігі және жұмысқа ұйытқы бола алмауы», - деген Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың атына депутаттық сауал жолдапты.

Біз депутат Қарақат Әбденнің аталған сауалын портал оқырмандарының талқысына ұсынып отырмыз. Қараңыз:


Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары
Қанат Бозымбаевқа!

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!

Ауылдардың проблемалары бәрімізге белгілі, бұл: жолдардың нашар болуынан бастап, интернетке қолжетімсіздігіне дейін...

Бұл мәселелер барлық деңгейде де айтылып жүр, 2019 жылдан бастап бұл бағытта қаржы алты есе көп бөлінген, яғни сол кезде 29 млрд теңге бөлінсе, биыл 194 млрд теңге бөлінген!

Бұл өте жақсы көрсеткіш, осындай қолдаудың көмегімен ауыл тіршілігін түбегейлі өзгертуге болар еді.

Мемлекет зор қолдау көрсетсе де, іс жүзінде не көріп отырмыз? Қаражат игерілмейді, мерзімдер бұзылуда, жобалар сапасыз орындалып жатыр. Мұның бір үлкен себебі бар – көбінесе аудан әкімдерінің кәсіби біліктігінің төмендігі және жұмысқа ұйытқы бола алмауы.

Өңірлерге барып, халықпен кездескенде мен екі қолын алдына қойып, бос отырған, жағдайды жақсартуға құлшынысы жоқ аудан әкімдерін бірнеше рет көрдім.

Мысал ретінде – облыстардағы ауыл мектептері. Күрделі жөндеуге бюджет қаражаты аз болуы мүмкін, бірақ бұл мектеп ауласының жиналмай жатуына, оны қалай болса, солай ұстауға сылтау емес. Қоршауларды бояп, ағаштарды ағарту, гүл отырғызу үшін көп ақша керек пе?

Мұны тұрғындардың, оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің күшімен де жасауға болады. Еңбектерапия деген ұғымды ұмытпайық!

Тағы да мысал ретінде - Ұлытау облысын айта кетуге болады.

Бөлек облыс мәртебесін алған кезде адамдар қалай қуанды! Мемлекет арнайы бюджет бөлді, жаңа өкілеттіктер берді, инфрақұрылымды дамыту басталды, дамуға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Көп нәрсе жасалды – барлық мемлекеттік орган, әсіресе мәдениет және ақпарат, туризм саласында үлкен жұмыс жүргізді. Музейлер, этнографиялық орталықтар ашылды, білікті кадрлар шақырылды, өңірді танымал ету үшін ақпараттық науқан өткізілді.

Ал бүгін не көріп отырмыз? Айталық, өңірдегі ең маңызды мәдени нысандардың бірі – Хан Орда ескерткішіне баратын жол әлі салынбаған. Ол Ұлытау ауданынан небәрі 17 шақырым жерде, бірақ оған жету қиын. Аудан әкімдігі тым болмаса, бастама жасап «нулевка» деген қара жол салып қоюына болады ғой. Бұған көп ақша кетпейді, ал туристер ескерткішке кедергісіз барып, келушілер саны көбейе беретін еді.

Туристер барлық жерде керемет жағдай жасалған инфрақұрылымды керек етпейді – оларға шынайы болмыс, табиғаттың өзіндік ерекшелігі керек. Қонақтарды қызықтыратын нәрсе – даламыздың сұлулығы мен тарихи ескерткіштер. Енді өңір қаншама мүмкіндіктен айырылып отыр. Олай жалғаса берсе, әрең тапқан білікті мәдениет мамандары да қашып кетуі мүмкін.

Мысалы, әйгілі фламингомен танылған Қорғалжын қорығын алайық – осы жерде туризмді дамытып, тағы бір ерекше объектіге айналдыруға болатын табиғи қорық! Бірақ айналасындағы инфрақұрылым мәз емес.

Бұған да көп қаржы қажет емес, мемлекеттік бюджетке қарамай-ақ, әкім өзі кірісіп, кәсіпкерлерді ұйымдастырып, қонақүй, тамақтану орындарын, кәде-сый дүкендерін ашып қоюға болар еді.

Мінекей, мемлекет бөлетін қаражат ұлғайса да, халық нақты нәтиже көріп отырған жоқ!

Менің ойымша, аудан әкімдерінің бастама көтеруге ынтасыз болуының басты себебі – адами фактор.

Әкімдер көбінесе өз қызметін мансап жолындағы уақытша кезең деп қабылдайды. Олар облыс басшысының көзіне түсіп, өз мансабының келесі сатысына өтуге ұмтылады.

Осылайша, бірінен соң бірі тағайындалып жатқан әкімдер білімдерін арттыруға ұмтылмайды және аумақтарды дамытуды өз міндетім деп санамайды.

Олардың біразы тіпті сол аудандарда тұрмайды да, өз отбасыларын көшіріп апармайды. Олар балалардың мектепке қандай жолмен баратынын, мектеп асханасындағы тамақ сапасының қандай екенін, сол жердің тұрғындары бос уақытын қалай өткізетінін білмейді. Тұрғындарымен қоян-қолтық араласпаса, ол әкім ауданды қалайша тиімді басқарады?

Мысалы мен өзім барған ауылдар тұрмақ аудан орталықтарында тұрғындар әкімнің кім екенін білмейді.

Әр шаңыраққа кіріп, жағдайларын сұрап, бір пиала шай арсында әрбір тұрғынмен тіл табысатын әкім жоқ.

Президент биыл өз Жолдауында 2025 жылдан бастап аудан әкімдері тікелей сайланады деп жария етті, бұл жағдайды түбегейлі өзгертуге тиіс.

Халық сайлаған соң, әкім олардың үмітін ақтауға міндетті болатыны анық.

Бұлай болмайынша, мемлекеттік бағдарлама қабылдасақ та, қаражат бөлсек те пайда бермейді.

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!

Айтылғанды ескере отырып, мынадай ұсынысым бар:

1. Аудандық әкімдіктердің тарабынан жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтіп, аудан әкімдерінің жеке жауапкершілігін арттыру.

2. Әр өңірдің мықты тұстары мен әлсіз тұстарын ескеріп, аудандарды дамыту стратегияларын әзірлеу.

3. Аудан әкімдерінің есептерін жылына екі рет тыңдап, жұмыс тиімділігін бағалау.

4. Ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосатын диқандармен өзара іс-қимыл жасап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау.

5. Аудан әкімдерін «Жаңа формация жетекшісі» бойынша оқытуды жалғастырып, аудан әкімдерінің біліктілігін арттыру.

Abai.kz

 

 

Құрметпен,

 

 

Ауыл партия  фракциясының депутатары

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3200
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5146