Сенбі, 23 Қараша 2024
Қылмыс 1034 1 пікір 21 Қазан, 2024 сағат 16:04

Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Коллаж: aikyn.kz

Қазақстан Президенті халыққа соңғы Жолдауында есірткі заттарын тұтынудың өсуіне алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің ұлт денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өтті. Осыған байланысты, есірткі өндіру және таратуға қарсы күрес бүкілхалықтық сипат алуы тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдары есірткі бизнесіне қарсы күресті, шекарада жүктер мен пошта жөнелтілімдерін бақылауды күшейтті, шетелден елімізге есірткінің заңсыз әкелінуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдады.

Тек 2024 жылдың өзінде заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр.

Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды. Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді.

21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.

Мемлекет есірткінің заңсыз айналымын тоқтату жұмысын жалғастырып, бақылау шараларын күшейтіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты арттыруда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417