Жұма, 22 Қараша 2024
Айқай 3028 14 пікір 23 Қазан, 2024 сағат 15:09

БРИКС міндеттемелері қазақ халқына міндетті емес!

Суреттер: Ақорда, РИА Новости және tvbrics.com сайттарынан алынды.

2024 жылы Ресей БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) ұйымына төрағалық етуде. Оның қорытындысы ретінде Ресей Татарстан астанасы Қазан қаласында кезекті БРИКС саммитін шақырды. БРИКС – бұл дамушы елдер арасындағы экономикалық және саяси серіктестікті күшейтуге бағытталған ұйым. Ресей осы саммитті шақыру арқылы өзінің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға және өзін әлемдік күш орталықтарының бірі ретінде көрсетуге ұмтылып отыр. 

Қазіргі таңда БРИКС мүшелігіне Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка енеді. Осы жылдың 1‑қаңтарынан оған мүшелікке Иран, Египет, Эфиопия, Біріккен Араб Әмірлігі кірді. БРИКСке мүше елдердің әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 28% шамасында болып отыр. Соның ішінде: Қытай – 19,3 трлн доллар, Үндістан – 3,7 трл доллар, Бразилия мен Ресей әрқайсысы – 2,1 трл доллардан.

Өздеріңіз байқағандай, бүгінде әлемдік ЖІӨ 184,7 триллиона долларға жетті. Қазіргі таңда БРИКСке кіретін он ел әлем халқы санының 45 пайызын құрайды. ЖІӨ‑нің 28 пайызын, әлемдік мұнай қорының 47 пайызына иелік етіп отыр. Мұнда ескере кетер бір жайт: БРИКС елдерінің ЖІӨ‑нің басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған жалғыз ел – Қытай екендігі. Ал, қалғандары әлемдік ЖІӨ мөлшерімен салыстырғанда біршама төмен көрсеткіштерге ие екендігі шындық.  Яғни, БРИКС елдері әлем халқының жарымына жуық болғанымен, оның құрамындағы Қытайдан өзге көп елдердің экономикалық көрсеткіштері өте төмен. Олай болса, БРИКС‑ті алға сүйреуші ең ірі мемлекет Қытай деп біржақты айтуға болады.

БРИКС саммиттеріне дәстүрлі түрде БРИКС елдерінің ғана емес, сонымен қатар шақырылған қонақтар, басқа дамушы және ынтымақтастыққа мүдделі мемлекеттердің өкілдері де қатысады. Биыл оған Бразилдия президенті келмеді. Әрине, ол «аяғы тайып, зақым алдым» деген сылтау тапты. Бірақ, оның астары басқада сияқты. Себебі, осының алдында ғана Ресей президенті Бразилияға бару үшін біз онымен екіжақты келісімге келуіміз керек деп сұқбат берген болатын. Ол дегеніңіз Бразилия Путинді Халықаралық Гаага Сотының қаулысына сай ұстап бермейтіндігіне кепілдік беруі тиіс деген сөз болатын. Себебі, мұның алдында Путин «екі жақты келісім» негізінде Монғолияға аман‑сау барып қайтқаны белгілі. Ол үшін әлемдік қауымдастық Монғолияны «басынан сипай» қойған жоқ. Монғол елі «өздері қол қойған халықаралық міндеттемелерді орындамады» деген сынға қалды. Сондықтан, осыдан сескенген болуы керек, Бразилия президенті де Қазан саммитіне келуден тартынған сыңайлы. Яғни, ол Путиннің бостандығына кепілдік беруден бас тартты.

Шақырылған қонақтар қатарында Қазақстан да бар болатын. Қазақстан оған бармады. Негізі, қатысушылар арасында БРИКС көшбасшысы  Қытай, алып ел Үндістан, БАӘ және бірқатар елдер болуы себепті ‑ Қазақстан делегациясы оған қатысады деген болжам болғаны рас. Соған қарамастан, президент Тоқаев өз Сыртқы істері министрлігі арқылы бұл саммитке қатыспайтынын жеткізді. Ол «Қазақстан БҰҰ ережелерін ұстанады. Ал, кез келген ұйым елдерімен Қазақстанның өзара төте байланыс орнатуға мүмкіндігі бар» деген мазмұндағы мәлімдеме жасады.

Бұл жерде Қазақстанның позициясы өте дұрыс, әрі, одан ешбір елдің мүддесіне ешқандай нұсқан келіп тұрған жоқ. Соған қарамастан, Ресей Қазақстанның бұл шешімін «ауыр» қабылдады. Ресей осыған дейін Қазақстанда өз беделінің мызғымас екеніне еш күмәнданбаған болуы керек, осы жолы оның «басқа шешім» қабылдағанын ұнатпады.Сөйтіп, Ресейдің үйреншікті «байбаламшылары» мұны айыптап, әдеттегідей қоқан‑лоқысын айта бастағаны да көп күттірмеді... Өзбектан да осындай дау‑дамай өтінде қалды...

Ал, өзге елдерге келер болсақ, онда 2006 жылы Ресей бастамасымен құрылған БРИКСке қатысуға Қытайдың, Үндістанның, Бразилияның өз мүдделері бар. Мәселен, қазір Қытай мен Үндістан арақатынасы тым жақсы емес. Бірақ, ол әрине, екі ел басшыларының бір бірімен кездеспеуіне, арадағы дипломатиялық қатынасты үзуге дейінгі деңгейде емес. Саммитті Ресей шақырып отырғандықтан, бұл үш елдің де Ресейге қатысты өз мүдделері бар. Мәселен, Қытай мен Үнді елі қазір санкцияға ұшыраған Ресейдің шикізат өнімдерін өте арзан бағаға алып, өздерінің экономикалық жағдайын қорғап жатыр. Бразилия болса Ресейдің Украина жерлерін басып алуын қолдайтын сыңайдағы өз «бітімгершілік жобасын» ұсынды. Бірақ, сонда дағы, оның президенті бұл саммитке келмеді...

Қорыта айтар болсақ, қазіргі жағдайда БРИКС, не болмаса, Ресей мүшеліктегі басқа да Халықаралық ұйымдарға белсене қатысу – көптеген елдер үшін Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына астыртын қолдау білдіру деп танылатын болды. Бұл – ол елдерге әлем тарапынан шектеулі санкциялар салуға жол ашатын қауіпті қадамға айнала бастады. Олай болса, бір біріне көрші орналасқан Қазақстан  мен Өзбекстан осы мақсатта бір саяси бағыт ұстанатынын көрсетті.

Ең бастысы, Қазақстан мұндаға дейін БРИКС құрамына ресми түрде кіру туралы бастама көтерген жоқ. Алайда, Қазақстан мен БРИКС арасындағы экономикалық байланыстар өз деңгейінде даму үстінде. Қазақстан БРИКСке мүше елдермен тығыз экономикалық байланыстарды қолдайды, бірақ өзінің сыртқы саясатының көпвекторлы бағыттарын сақтай отырып, түрлі халықаралық платформаларда жұмыс істейді. Қазақстан БРИКС-ке мүше болуды қазіргі кезде маңызды санамайды, себебі бұл елдердің әрқайсысы өзінің геосаяси мүдделерін түрлі бағыттарда жүзеге асыруға тырысуда. Сондықтан БРИКС құрамына өтіп, осы шеңберде өзіне міндеттеме алу Қазақстанға және оның халқына еш қажет емес.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321