Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 1328 1 пікір 25 Қазан, 2024 сағат 00:59

Сарапшылар: ҚҚС қайтаруды қысқарту ел бюджетін сақтауға көмектеседі

Сурет akzhol.kz сайтынан алынды.

Бірнеше жылдан бері шикізат экспорттаушыларына ҚҚС қайтару бюджет үшін айтарлықтай ауыртпалыққа айналды. Биылғы жылдың үш тоқсанында ғана ол үш есеге өсіп, 946 млрд теңгені құрады. Сарапшылар бұл тәжірибеден бас тартатын кез келді ме әлде балама бар ма деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Жылдан жылға ел бюджеті экспорттаушыларға ҚҚС қайтару мүмкіндіктерін іздеуге мәжбүр, 2023 жылы бұл үрдіс тоқтатылып, бизнестің наразылығын тудырды. Биыл, сомалардың өскеніне қарамастан, қайтарым жасалды, бірақ бюджет шығынын толтыру үшін Ұлттық қордан жоспарланғаннан да көп, 2 триллион теңге қарыз алуға тура келді. Ел ішінде бұл тәжірибені қайта қараудың уақыты келді деген әңгіме көптен бері айтылып жүр. 2008 жылы үкімет елімізде шикізатты өңдемейтін компанияларға ҚҚС қайтаруын жою мәселесі көтерген болатын.

Алайда барлығы сол күйі қалды. Көршілес Ресей Федерациясында да ҚҚС қайтаруды жою туралы пікірталастар жүруде, бұл үрдісті жақтаушылар «жоғары өңдеу – төмен салықтар» принципі бойынша фискалдық жүйені құруды ұсынып отыр. Қытайда экспорттаушыларға ҚҚС қайтару өте икемді және экспорттық өнімнің әрбір түрінің өзіндік мөлшерлемесі бар, бұл ең алдымен елдің мүддесін ескеріп, бизнесті ынталандыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда Taspanews.kz тілшілері Қазақстанда ҚҚС қайтару мәселесін шешудің қандай нұсқаларын жүзеге асыруға болатынын анықтады.

Экспорттаушыларға ҚҚС қайтаруын 50%-ға қысқарту

Бірнеше жылдан бері «Ақ жол» партиясы экспорттаушыларға ҚҚС қайтару тәжірибесін реттеуге шақырып келеді. Партия лидері, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚҚС қайтаруды азайтудан бастауды ұсынып отыр.

«ҚҚС қайтаруды түбегейлі жою мүмкін емес, бұл жалпы әлемдік тәжірибе, Қазақстанның қосарланған салықты болдырмау мақсатындағы серіктес мемлекеттермен халықаралық келісімдері бар. ҚҚС әрдайым тауар экспортынан сол тауардың тұтыну жерінде төленеді. Шикізатшыларға ҚҚС бюджеттен, яғни, отандық бизнестің мемлекет ішінде төлейтін салығы есебінен қайтарылады. Демек, шикізатшылар (олигархтар) біздің табиғи ресурстарымызды пайдаланса да, біз оларға үстіне салығын да қайтарып беруіміз керек екен. Жалпы, Конституция бойынша жер мен жер қойнауы - халықтың меншігі, демек бұдан негізгі пайданы көруші халық немесе халық түріндегі мемлекеттік бюджет болуы керек. Сондықтан Конституцияны ретке келтіру арқылы мәселені шешу қажет. Ол үшін методологияны реттеу керек.

Мысалы, «Ақ жол» демпартиясы ҚҚС қайтаруды қосылған жоғары құны бар дайын немесе өңделген өнімді экспорттаушыларға қайтаруды сақтауды ұсынады. Ал шикізатты экспорттаушыларға ҚҚС қайтаруды тым болмағанда 50% қысқарту керек. Сол арқылы бюджет шығындарын төмендетіп, шикізатшыларды өнімді мемлекет ішінде өңдеуге мүдделі етеміз. Әйтпесе, 30 жыл ішінде мемлекетке көптеген ірі инвесторлар келді, алайда олардың ешқайсысы бірде бір ірі мұнай өңдеу зауытын салып берген жоқ. Оларға шикі мұнайды шетелге шығару тиімдірек. Инвесторлардың қолын бұрау да дұрыс емес, керісінше, өндіру салаларына оларды тартуға мүдделіміз. Ал, мұндай экономикалық механизмдер арқылы жұмыс істей отырып, өңдеуге түсер инвестицияларды ынталандырып, бюджетке деген ауыртпалықты азайтуға болады», – дейді Азат Перуашев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639