Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1075 0 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 15:34

Министр: АЭС салу мәселесі бойынша арнайы үкімет комиссиясы құрылады

Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев парламент үйінде БАҚ өкілдері сұрағына берген жауабында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша арнайы үкімет комиссиясы құрылады деп мәлімдеді

Министрдің сөзінше, комиссия конкурсқа қатысатын компаниялармен ашық диалог жүргізуді  бастамақ.

Сәтқалиев алдын ала консультациялар басталып кетті, Қазақстан өкілдері Қытай мен Оңтүстік Кореяға сапармен барып, кездесулер өтті деп хабарлады.

Айтуынша, Қазақстан елде АЭС салуға ынта білдіргендерден не күтетінін алдын ала айтып отыр. Министр олар электр энергиясы мен құрылыс бағасы, құрылыс мерзімі, қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік пакет, қаржыландыру, отын өндірісін оқшаулауға байланысты мәселелер деді.

Қазанның басында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда АЭС салу жөніндегі консорциумға қатысатын елдер 2025 жылы белгілі болады, оған ең көп дегенде бес ел кіреді деген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1983
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4833
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4010