Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 3509 2 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 13:40

Мысырдың алынуы...

Көрнекілік сурет z-taraz.kz сайтынан алынды.

Әмір Темір өзінің айналасындағы көрші елдерді түгелімен жаулап алып, бір орталыққа бағындырған соң (астанасы Самарқанд), мұсылман елдері саналатын Осман түріктері мен мәмлүктер билеген Мысыр сұлтандығына атбасын бұрады.

Екеуінің қайсысына алдымен соғыс ашарын біраз уақыт безбенге салып, ой жүгіртеді. Сөйтіп, далалық қыпшақ мәмлүктер билеген Мысыр еліне бет алады. Оны америкалық ғалым және жазушы Хилда Хукхэм өзінің Әмір Темірге арналған ғылыми еңбектерінде былай деп жазады. Нақтырақ болсын деп, орысшасын келтірдік:

Мамлюки – «одержимые», были рабами, первоначально купленными для охраны султанов. Происходили они главным образом из кипчакских степей и составляли значительную часть торговли между волжскими районами и Левантом. Эти качевники, будучи искусными стрелками из луков и лихими наездниками, были обращены в грозную армию. Освобожденные правившим султаном, они сформировались в военную олигархию и стали главной опорой правления султана. В конечном счете, они заменили султана из династии Салахатдин (Айюбидов) (бұл династия негізінен күрдтер болған) султанами из своих собственных рядов. Каждый султан находил поддержку со стороны верных мамлюков, которых он сам покупал, обучал, освобождал и наделял привилегиями.

К концу тридцатого столетия выдающийся мамлюк, султан Байбарыс ( кипчакский тюрок по происхождению) (тіпті,бұл ғылыми еңбектерде біздегілер жазатындай Бейбарыс деп те жазылмаған) и его наследники изгнали наконец крестоносцев из Сирии, - дейді.

Кейін, сұлтан Байбарыс өмірден өткен соң, оның тағына келген тағы бір қыпшақ Баркук, Мысыр мен Сирия сұлтаны аталады. Міне, осы тұста Қайыр қаласына орналасқан Баркук сұлтанға Баязидтің жіберген елшісі келеді. Олардың негізгі мақсаты, Мысыр сұлтандығы мен Баязид екеуі бірігіп, жер-жаһанды жаулап алып келе жатқан Әмір Темірге қарсы туру еді. Бірақ, көп ұзамай бақилыққа аттанған Баркуктың орнына оның он жастағы ұлы Фарадж отырады. Ол Баязидтің айтқан бұл ұсынысына қарсылық танытып: «Баязид елімізге дос емес, сондықтан өз жерін өзі қорғап алсын», - деген сәлемдемесін жолдайды. Сөйтіп, ұтымды ұсыныстан бас тартады. Бұл әрекет әрине, Әмір Темірге қолайлы жағдай тудырады. Көп бөгелмей, жорыққа шыққан Орта Азия билеушісі, жолындағы қыстақтар мен қалаларды өз қоластына ала бастайды. Қарсылық көрсеткен жергілікті тұрғындардың көтерілісіне қарамай, (бұл жаппай қарсыласу қимылына мәмлүктер араласпаған) Әмір Темір екпінін байаулатпай, Жер орта теңізіне дейін жетіп, Сидон мен Бейрутті жаулап алды. Өз уақытында болат қорытумен және әйнек жасау кәсібімен аты шыққан Дамшық (Дамаск) қаласы Жер орта теңізінен айтарлықтай алыс емес еді. Сондай-ақ, ертеден бұл қалада тоқыма өндірісі де жоғары деңгейде дамыған болатын. Дегенмен, мәмлүктер басқарған мұсылман империясының орталығы саналатын Дамшық қаласын, сол кездегі саны көп емес қыпшақ-мәмлүктер гвардиясы қорғап тұрған еді. Егер нақтырақ айтар болсақ, Мысыр сұлтандары ержүрек мәмлүк сарбаздарын, тек өздерін қорғап туру үшін ғана айналасына топтастырған.

Осы арада біраз шегініс жасайық: бұл деректері мол, терең жазылған  ғылыми еңбекті зерделеп оқып отырғанымызда, бір айтарымыз, танымал ғалым Хилда Хукхэм өзінің осы зерттеу жұмысында, Әмір Темір армиясын үнемі «кипчакская» немесе «татарская» армия деп жазып, көрсетіп отырады (осыған орай, Әмір Темір әскерінің құрамы негізінен көшпелі қыпшақтардан тұрғаның түсінуге болады. Бұған қазіргі Қоқанд, Бұхар, Хиуа және Үргенш маңын мекен еткен тәжік-сарттарды қосуға болмайды). Сондай-ақ, татар сөзіне келетін болсақ, сол замандарда айналадағы шартарап елдері «татарлар» деп Ұлы даладағы көшпелі қыпшақ тайпаларын айтқан. Әсіресе, өзімізбен іргелес славяндар. Сондықтан, оларды қазіргі Кама бойындағы татарлармен шатастырмауымыз керек. Бұлар көне заманнан «Болгар» немесе «Булгар» жұрты болып есептеледі. Олардың, «татар» деп аталуы, мүлде басқа жағдайларға байланысты. Біздегі азаматтардың қайсыбірінің білімі жетпегендіктен, (айып етпеңіздер) қазіргі татарлармен шатастырып жүргені. Тіпті, кезіндегі орыс жазбаларындағы моңғол-татар деген сөздің өзі де, Ұлы даланы мекендеген қыпшақ тайпаларына қаратып айтылған. Мұны, бұл күндері, қазіргі орыс және еуропалық ғалымдар өздері жазып, кезінде кеткен қателікті мойындап отыр. Ал, «моңғол» сөзі «моғол» сөзін қате пайдаланудан туған және әдейі осылай істелінген де. Осы жайындағы мағлұматты, кезіндегі Кеңес Одағы Орталық Партия Комитетінің идеологиялық хатшысы Медведев Вадим Андреевичте өзінің «Испытание историей» ғылыми кітабінда да нақты аргументтермен келтірген екен.

Енді қайтадан, Дамшыққа келейік: Кезінде осы мәмлүк сұлтандарының жетекшілігімен мәмлүктер армиясы, кәрі құрлықтан бастау алған крес жорығын тоқтатып және талқандаған болатын. Сондықтан олар, мұсылман елдеріне тұмсығын сұға алмай, көп бөгелмей, кері қайтқан еді. Сол сиақты, 1260 жылы Құбағұлдың (Хулагу) билігіндегі Кіші азия империясының қалың сарбаздары мәмлүктер билігіне шабуыл жасайды. Қалай десекте, Азияның осы бөлігін өзіне бағындырған Құбағұл әскері де, сол секілді араб еліндегі  мәмлүк сарбаздары да қыпшақтар емес пе! Жауынгершілікке жоқ отырықшы елдердің әскерінен, соғыс жүргізу тәсілі алде қайда басым түсіп отыратын дала жауынгерлері, алғаш рет осы мәмлүк аталған қыпшақ әскерінен жеңіліс тауып, Евфрат өзенінің шығыс жағын ғана бағындырады. Әрі қарай қадам басуға шамасы келмейді. Міне, сөйткен мәмлүк сарбаздары, қарсы алдарында тұрған, Әмір Темір армиясымен қарама-қарсы келеді. Өстіп, азияның бір қиырында мұсылман елдерінің империясына басшылық жасаған қыпшақ-мәмлүктер мен Орта Азиялық барыстың жетегіндегі қыпшақ армиясы, қалайда болмай қоймайтын қанқасап соғысқа дайындалады. Бірақ, жергілікті мысырлық нояндар мен мәмлүк сұлтандарының арасында дәл соғыс басталардың алдында, келіспеушілік туындап, араздық пайда болады. Мүмкін осы себеп болды ма екен, мәмлүк әскері бір күнде қаланы тастап, Қайырға (Каир) бет алады. Сөйтіп, мысыр әскері осылай ішкі тайталастан бөлшектенеді. Араб ғалымы және танымал саяхатшы Ибн-Баттутаның  сөзімен айтқанда, орысшасын келтірдік: «Египтяне были армией без генерала и генералом без армии».  Әмір Темір әскері көп қиындықсыз Дамшық қаласын басып алды. Мәмлүк сұлтандарынан қалған орасан зор байлық: алтын және күміс пен амбарда ұсталынған астық, басқа да талай ғасырлар бойы сақталынған жауһар тастар, сондай-ақ, қаладағы түрлі саланың шебер ұсталары Әмірдің иелігіне өтеді.

Кезіндегі үш ғасырға созылған далалық қыпшақтардың (Каспий аумағын мекендеген қыпшақтардың ата-бабалары) Мысыр аймағындағы империясы қатты әлсіреп, бірнеше ондаған жылдардан кейін тарап кетті. Бұған Жалайырлар негізін салған Осман империясы түріктерінің де әсері бар.

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639