Жұма, 22 Қараша 2024
Бәрекелді! 493 0 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 13:59

Елімізде орташа жалақы артты ма?

Фото: Gov.kz

Елімізде орташа жалақы өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Мәліметке сәйкес, Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы III тоқсанда 390 328 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 11,3%, нақты мәнде – 2,7%.

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы III тоқсанда бағалау бойынша 269 378 теңгені құрады.

2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыста – 28,1%, қаржы және сақтандыру қызметінде – 24,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 20,6% байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақы – 9,9%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 8% өсті, – деп қосты ведомство.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкентте – 16,1%,  Алматы қаласында – 15,2%, Ақтөбе және Абай облыстарында – 14,2%-дан.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы III тоқсанда 2,3 есені құрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270