Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 771 0 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 14:15

ТЖМ: Өртті сөндіру үшін дрондар қолданады

Фото: primeminister.kz

Енді дала өртін дрондар бақылайтын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.  Ведомство 120 млн теңгеге арнайы дрон сатып алуды жоспарлап отыр екен.

Министр бұл жұмыс пилоттық жоба аясында іске асырылатынын атап өтті.

Елімізде Қытай дрондарын құрастырамыз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге шамасында. Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Құралды кез келген өрт сөндіруші көлікке қоя аламыз, – деді Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, аталған дрондар Алматы және тағы басқа қалалардағы биік ғимаратта шыққан өртті сөндіруге қолданылады.

«Біз тәжірибемізді тағы жетілдіреміз. Келісімшарт бойынша жоғарыда аталған фирма біздің қызметкерлерді (дронды басқаруға) үйретеді», – деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1445
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5199