Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1217 3 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 14:47

Киев соғыстың аяқталуына дайындалып жатыр ма?

Сурет ВВС сайтынан алынды.

«Майдандағы алдағы төрт-бес ай маңызды болады және екі жақ бейбітшілік келіссөздеріне түсетін ұстанымдарды анықтайды», - деп хабарлайды «Reuters» агенттігі.

«Reuters» тілшілері Украинаның жоғары лауазымды шенеунігімен сөйлескен. Аты-жөнін жасырып қалуды жөн көрген шенеунік: «Доналд Трамптың Ақ үйге оралуы – Киевке соғыстың аяқталуы мүмкін екенінен нұсқайды. Украина үшін осы қыс өте маңызды. Соғыс аяқталып келеді деп үміттенемін. Дәл қазір біз келіссөздердегі екі жақтың ұстанымдарын, бастапқы ұстанымдарын анықтайтын боламыз», - дейді.

Спикердің пікірінше: Трамптың Украинаға қатысты саясаты қандай болатыны – оның Қорғаныс позицияларына кімдерді тағайындайтынына байланысты белгілі болмақ.

АҚШ-та Майк Помпео дейтін адам бар. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы. Украинаны қолдайтын адам. Сол Помпеоның Трамп командасына кірмейтіні қазірдің өзінде белгілі болып отыр.

«Reuters» тілшілері сөйлескен Украина шенеунігі: «Трамптың жеңісінен кейін Украинаның НАТО-ға шақырылу «мүмкіндігі аз». Трамптың тұсында әскери көмекті қысқарту қаупі де бар. Байден әкімшілігі Украинаға көмек көрсету жылдамдығын тездету арқылы бұл тәуекелді болдырмауға тырысады деп үміттенемін», - дейді.

Әрі қарай Украина шендісі Байден әкімшілігі кезінде АҚШ тарапынан Украинаға көмек мәселесі жеткілікті болмағанын айтады. «Украинадағы көңіл-күй өте мазасыз. Зеленскийдің соңғы ескертулерінен мазасыздықтың күшейіп келе жатқанын көруге болады», - дейді.

Доналд Трамп келер жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың жаңа сайланған президенті ретінде ант береді. Осы күнге дейін қазіргі Байден әкімшілігі Украинаға Конгресс мақұлдаған барлық көмекті жіберуге тырысады. Украина Ақ үйдің жаңа әкімшілігі Украинаны келіссөздерге итермелеу үшін әскери жеткізілімдерді қысқартады деп болжайды. Сондықтан, Киев өзінің келіссөздер позициялары мен қорғаныс мүмкіндіктерін нығайтуға үміттенеді.

Сайлауалды науқаны кезінде Трамп Украинадағы соғысты аяқтайтынын бірнеше рет айтқан, бірақ қалай екенін айтпаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068