Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 425 1 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 17:58

Сапалы білім - болашаққа нақты қадам

Сурет: farabi.university

Жоғары оқу орнында сапалы білім беру – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылатын басты факторлардың бірі.

Бүгінгі таңда әлемдік жаһандану, технологиялық даму және еңбек нарығындағы жылдам өзгерістер жоғары білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. Жоғары оқу орындары сапалы маман даярлау үшін, тек теориялық білім берумен шектелмей, студенттерді сын тұрғысынан ойлауға, дербес шешім қабылдауға және практикада тиімді әрекет етуге үйретуі қажет.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі - сапалы  білім. Сапалы білім беру оқытушының біліктілігіне тікелей байланысты. Оқытушылардың кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы, шетелдік тәжірибеден өтуі және педагогикалық әдістерді жетілдіруі білім сапасының негізі.

Әлемдік білім беру жүйесі үздіксіз жаңаруды талап етеді. Жоғары оқу орындары өз бағдарламаларын әрдайым еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сай бейімдеуі тиіс. Бұл тек академиялық білім емес, сонымен қатар студенттерге аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды үйретуді де қамтиды. Осы жайтты ескере отыра, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жаңа оқу бағдарламасымен және заманға сай оқыту үлгісін қолға алды. Сапалы білім беруде теориялық білімді практикамен ұштастыру маңызды.

Оқу ордамызда студенттер тек оқу аудиториясында емес, сонымен қатар тәжірибелік сабақтар, кәсіби тәжірибелер, жобалық жұмыстар арқылы өз білімдерін нақты өмірде қолдана біледі деп есептеймін. Кәсіпорындармен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық, тағылымдамалар сапалы практикалық білім берудің негізгі элементтері болып табылады. Сапалы білім берудің негізі – білікті оқытушылар. Біліктілікті арттыру курстары, шетелдік тәжірибе алмасу, кәсіби конференцияларға қатысу – оқытушылардың білім деңгейін арттырып, студенттерге сапалы білім беруіне ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының мамандары  өз саласындағы жаңа зерттеулерді, заманауи оқыту әдістерін меңгерген. Сапалы білім беру үшін жоғары оқу орындары студенттердің қажеттіліктеріне бағытталған оқыту тәсілдерін енгізуі қажет деп санамймын.

ҚазҰУ-да студенттердің шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін, кәсіби дамуын қолдай отырып, оқу процесін даралауға мүмкіндік бар. Әрбір студентке жеке тәсілмен қарап, олардың таланттары мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасалған. Жоғары оқу орнында сапалы білім беру – елдің интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы маңызды факторлардың бірі. Оқу орындары еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, студенттерді біліммен қатар, өмірлік және кәсіби дағдылармен қамтамасыз етуі қажет. Сапалы білім беру арқылы жоғары оқу орындары келешек мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елдің экономикалық дамуына, қоғамның тұрақты болашағына өз үлесін қосады.

Ибраева А.С.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д. 

Аубакиров Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  заң факультетінің 1 курс магистранты 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5127