Дүйсенбі, 18 Қараша 2024
Қоғам 91 0 пікір 18 Қараша, 2024 сағат 14:48

Astana Hub-тың бюджетке бергені мардымсыз...

Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Astana Hub стартаптар орталығына берілген артықшылықтардан мардымды қайтарым болмай жатқанын сынады.

Инновацияны дамытуға арналған заң жобасын талқылау кезінде Astana Hub халықаралық технопаркі мен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын біріктіру процесін заңмен реттеу нормалары таныстырылды.

Депутаттар аталған екі ұйымға мемлекеттен үлкен қолдау көрсетіліп отырғанымен соған сәйкес бақылау болмай жатқанын сынады.

«Жалпы технопаркте қазіргі таңда 18 млрд теңгеге 204 жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондағы әр жобадан қанша салық түскені, қанша жұмыс орнын ашқаны туралы талдау жасалу керек. Соңғы бес жылда технопарк пен Astana Hub-та қанша субъект болды? Олар не істеп жатыр? Қанша кіріс тапқанын жазбаша ұсыныңыздар. Біз соған талдау жасауымыз керек», - деді Нұртай Сабильянов.

Депутат тіпті Astana Hub-та тіркелген кәсіпорындарға ұсынылып отырған салық жеңілдіктерін азайтуды ұсынды.

«Бес жылда Astana Hub 864 млрд теңге кіріс алған екен. Содан бюджетке бар төлегені 7 млрд 630 млн теңге ғана. Ал ондағы субъектілерге 133 млрд теңге салық жеңілдігі берілген. Сондықтан Салық кодексін қараған кезде осындай салық жеңілдіктерін алып тастауға жұмыс істеуіміз керек. Неге біз бизнес субъектілерге салық жеңілдіктерін беріп, субсидия береміз? Ал басқа салаларға ақша жетпей жатады. Егер ондағы жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияларды дамытып жатса түсінер едім. Ал бізде жаңалық жоқ. Сондықтан осы жағына басты назар аударамыз», - деді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1321
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3087
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4387