Жұма, 22 Қараша 2024
Бәрекелді! 119 0 пікір 22 Қараша, 2024 сағат 15:50

Қазақстан туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Әзербайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.

 

Іс-шараға Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз, – деді Ержан Еркінбаев.

 

Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.

 

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303