Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 690 0 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 15:14

Бюджеттің 28 пайызы мұнай мен газдың ақшасы!

Сурет Informburo.kz сайтынан алынды.

Министр Сәтқалиев: "Мұнай-газ саласы ел бюджеті кірісінің 28 пайыздан астамын қамтамасыз етеді", - деді. 

Елімізде мұнай-газ саласында 1,3 мыңнан астам кәсіпорын қызмет етіп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мұнай саласын дамытуды талқылау кезінде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

"Жалпы ішкі өнім құрылымында мұнай-газ саласының үлесі шамамен 16 пайызды құрайды", - деді мрнистр Сәтқалиев.

Ол бүгінде мұнай-газ саласы тұрақты экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің бірі болып табылатынын, онда 1,3 мыңнан астам компания жұмыс істейтінін атап өтті.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға 315 келісімшарт күшіне енген. Сонымен қатар 9 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізу жоспарлануда: оның 8-і барлауға, 1-і өндіруге арналған.

Жиында Қазақстан 2032 жылдан кешіктірмей жаңа мұнай өңдеу зауытын салуы керекекені айтылды.

"2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаттылығы жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды, бірақ 2030 жылдан кешіктірмей, ал 2032 жылы салуды бастау қажет", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052