Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 673 1 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 18:51

Таң дәуірінен бір өлең

Сурет Ұларбек Дәлейұлының желідегі парақшасынан алынды. 

Таң патшалығы дәуірінде өмір сүрген атақты ақын Ду Фудан бір өлең.

Ол 712 жылы қазіргі қытайдың Хынан өлкесі Гүңшиян ауданында туған. Көп өмірі сергелдеңмен өткен ақын 770 жылы 58 жасында қайтыс болады. Онымен замандас ақын Ли Бәйді біздің Шу жерінде туған жоқ деп едік қой. Сол ШУ екі ақынның да өлеңдерінен кездеседі. Екеуі жырлаған Шу өңірі қазіргі Чыңдоу қаласы. Ол қалада Ду Фу тұрған жұпыны үйдің жұрты әлі сақтаулы. Қазір үлкен мұражайға, қытайлық ақындардың тәу ететін жеріне айналған.

755 жылдары ордада қытайласқан түріктердің көтерілісін бастаған Ән Лушан мен Шысы Миың деген қолбасылар Таң патшалығын біраз әбігерге салды, іргесін шайқады. Тақ таласының кесірінен екеуі құрған патшалық та көп өтпей жойылды. Ду Фу тура сол кезде, көтеріліс алдында ордада шағын мансапты болып, ауызы аққа жарып, енді бағы жана бастаған шақ еді. Патшалық аласапыран болғанда қайран шайыр өз басын сақтау үшін жиһан кезіп кетті. Жүрген жерінде шарап ішіп, өлең жазды. Өмірі аса ауыр болды.

Ән Лушанның шын аты - Рохшан. 703 жылы парсы жерінде туған. Батыстан Таң еліне керуен тартып келген соғды. Өте пысық, соғды биін ғаламат билейтін жігіт екен. Соның арқасында патшаның көзіне түсіп, ордадағы біліктілердің біріне айналған. Соңында өзіне тілеулестерді жинап, патшалықтың астанасы Чаң-Ан қаласын басып алады. Оның билігі ұзақ болмады. 757 жылы 29-шы қаңтарда өзінің ұлы Ан Жинсудың қолынан өледі. Ұлы оны ұйықтап жатқанда қылыштап өлтірген.

Ол бір Көк Түріктерінің дәурені кетіп, десіп қайта бастаған дәуір еді. Ордос алабы соғыстың қызыл өртіне шарпылған шақ.

Ду Фу жырларында соғыс тақырыбы біраз айтылатыны содан.

Мейман келгенде

Оң мен солым қимастай сулары мөлдір көктемнің,
Шағала әне келеді құшқалы айдын көктемін.
Жүргенім жоқ сыпырып қонаққа болы жүл үстін,
Шөп күркемнің есігін ашқалы шықтым мырза үшін.
Жеріміз бұлтақ, қала алыс, келмеді түрі тағамның,
Үйіміз кедей қол тартқан отырған құйып шарабым.
Көрші қартпен бір тост алуға соқса зауқыңыз,
Келейін барып шақырып, бірге ішелік бәріміз...

客至

舍南舍北皆春水,但见群鸥日日来。花径不曾缘客扫,蓬门今始为君开。盘飧市远无兼味,樽酒家贫只旧醅。肯与邻翁相对饮,隔篱呼取尽馀杯。

Түпнұсқадан аударған Әзімхан Тішанұлы

Материал Ұларбек Дәлейұлының желідегі парақшасынан алынды. 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051