Жұма, 6 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1899 5 пікір 26 Қараша, 2024 сағат 16:16

Үлесіңді алдың ба, отауыңды тіктің бе, Қазақ?

Суреттер: Abai.kz мұрағатынан және qazaqtimes.com сайтынан алынды.

Елдес Орда, зерттеуші:

– Кеше түркі халықтары үшін маңызды күн еді. 1890 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық Еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді.

Томсен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып, келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану, соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп, құпиясын ашқанымен, көне түрік тілін білмейтін еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған...

25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын! Бұл күн ұлт тарихы мен мемлекет мүддесі тұрғысынан өте маңызды. Біз осы жазумен жазылған тарихымызға немқұрайды қарай бастаған едік, империалистер бізді «тарихы жоқ, тамырсыз» дей бастады.

Күндердің бір күні біз саналы түрде бітік жазуы туралы ойымызды қайта қарастыратын боламыз. Қазіргі сана деңгейінде талқыға салудың қажеті жоқ. Қазір бізге саясат, экономика һәм технология маңызды. Сол күн келеді, біз жапон, корей, еврей, қытай, моңғол, тибет, армян, тай халықтары сияқты, өз төл жазуымызды қайта жаңғыртатын боламыз.

Әбдірашит Бәкірұлы, философ:

– Иә, БАҚ арқылы «Төл жазуымыз» атты төртінші мемлекеттік рәмізді қабылдау керектігі туралы бірнеше мәрте мәселе көтердім. Сонау 2007-08 жылдардан бері. Содан бері «бұның Назарбаевқа қажеті жоқ екен» деп келдім.

Содан билік ауысып, жылымық болғанда, бұл мәселені тағы көтердім, БАҚ арқылы. Реакция - бұрынғыдай.

Ендеше, Сіз дұрыс айтасыз, осыны көтеру әлі ерте сияқты. Өйткені, оны қоғам қолдап кеткен жоқ. Депутаттар да үнсіз қалды... Яғни, біздің қоғамдық санамыз бұл деңгейге жетпеген.

Біз әлі де мемлекеттік егемендігін сезінетін «саяси ұлт» деңгейіне жете алмаған екенбіз. Осылай ету үшін Н.Назарбаев пен оның қолшоқпарлары тым қызу, тым қатты, тым белсенді қызмет етіп, ұлттың «мен» деген өзіндік санасын өшіруге шақ қалыпты.

Біз Қазақстандағы көп ұлттың біріміз деп қана жүр екенбіз... Әлі де сол үрдіс жалғасын табуда. Ол тек «үлес бөлісіне» қажеттілік пайда болғанда ғана тоқтайды деп үміттенем. Яғни, Сіз айтқан қарқынды экономикалық даму басталғанда!

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1437