Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Көкжиек 1010 0 пікір 27 Қараша, 2024 сағат 15:36

Грузияда президент сайлауы 14 желтоқсанда өтеді

Сурет: Азаттық радиосынан алынды.

Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің айтуынша, президент өкілетінің мерзімі алты жыл емес, бес жыл болуы үшін сайлау мен инаугурацияның биыл өткені маңызды.

Бұған дейін "Мтавари" оппозициялық арнасы Грузия президенттігіне "Грузин арманының" төрағасы Ираклий Гарибашвили мен елдің бірінші президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы Константин Гамсахурдияның кандидатурасы қарастырылып жатыр деп хабарлаған. Алайда билікте отырған партия жетекшілерінің бірі мұны жоққа шығарды.

Грузия президентін алғаш рет халық емес, сайлаушылар алқасы таңдайды. Алқа құрамына 300 адам кіреді, оның ішінде Грузия парламентінің 150 депутаты, Аджария мен Абхазия автономиялық республикасы жоғарғы кеңестерінің мүшелері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2789
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4524