Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 413 0 пікір 27 Қараша, 2024 сағат 18:21

Сапалы білім – жарқын болашаққа кепілдік...

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Білім – адамзат өркениетінің негізі, әрбір елдің болашағын анықтайтын басты құндылық. Бүгінгі таңда сапалы білім беру – тек жеке тұлғаның ғана емес, тұтас ұлттың өркендеуі үшін шешуші факторға айналды.

Сапалы білім- бұл тек теориялық білім емес, сонымен бірге оны іс жүзінде қолдана білу, шығармашылық ойлау, мәселені шешу қабілеттерін дамыту. Ол тұлғаның жан-жақты дамуын, өмірге бейімділігін, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы сапалы білім беру сапасының өлшемдері:

  • заманауи технологиялар мен әдістемелерді қолдану;
  • өмір бойы үйрену дағдыларын қалыптастыру;
  • ғылыми-техникалық прогресс пен қоғам қажеттіліктеріне сәйкес білім беру.

ҚазҰУ-да білім беру сапасын жақсарту арқылы елдің экономикалық дамуына үлесімізді қосамыз деп есептеймін. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, білім деңгейі жоғары мемлекеттер инновацияларды жылдам игеріп, жаһандық нарықта жетекші орын алады. Жоғары сапалы білім жұмыс күшінің өнімділігін арттырып, экономикаға жаңа серпін береді.

Қазақстанның «Цифрлы Қазақстан», «Білімді ұлт» сияқты стратегиялық бағдарламалары осы мақсатты көздейді. Сапалы білім беру жүйесін құру арқылы еліміз әлемдік аренада өз орнын нығайта алады. Сапалы білім тек экономикалық өсімнің негізі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықтың, азаматтық қоғамның қалыптасуының іргетасы. Білімді азамат өз құқығы мен міндеттерін жақсы түсінеді, жауапкершілікпен әрекет етеді. Сонымен қатар, білім беру адамға өзін-өзі дамытудың, әлеуметтік баспалдақпен жоғары көтерілу мүмкіндіктерін ашады. Сапалы білім – тек тұлғаның ғана емес, тұтас қоғамның дамуының кепілі. Ол жарқын болашаққа жол ашады, экономикалық өсімге, әлеуметтік тұрақтылыққа, азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді. Сондықтан білім беру жүйесін жетілдіру – әрбір мемлекет үшін басым міндет болуы тиіс.Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында. Жаңа Қазақстанды құрсақ деген арманымыздың түп тамыры саналы ұрпаққа сапалы білім бере отырып, ұлттық бағыттағы құндылықтарымызды бойларына құя білу арқылы асқаралы мақсаттарға жетеміз. Сапалы білім беру – бә­се­кеге қабілетті, өркениетті ел болудың ке­пілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің бар­­лығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөз­­сіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлт­­тың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз.

Смагулова С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1434