Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 697 3 пікір 28 Қараша, 2024 сағат 16:37

Алматы: 1доллар - 526 теңге

Сурет: gazeta.ru сайтынан алынды.

Алматыда ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 526 теңгеден сатылуда. Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын мойындады.

Ресей рубльінің қатты құлдырауы, доллардың жалпы әлемдік нарықта күш алуы, мұнай бағасының құбылмалығы, ішкі валюта нарығындағы сұраныстыр артуы сынды факторларға жекелей тоқтала келе:

"Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді", делінген бүгінгі валюта нарығындағы жағдайларға қатысты Ұлттық банктің берген түсініктемесінде.

Бұл Ұлттық банктің теңге бағамының қалыптасуына араласып, оны қолдауды жалғастыратынын білдіреді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1434