Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Анық-қанығы 1163 5 пікір 29 Қараша, 2024 сағат 14:43

Теңселген теңге. Көтерілген доллар: Ұлттық банк не дейді?

Сурет: golos-naroda.kz сайтынан алынды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені неге көтерді?: ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.

Кешелі бері төл теңгеміз әлсіреп, АҚШ доллары шарықтап бара жатыр. Ұлттық банк алаңдауға негіз жоқ дегенімен, бүгін базалық мөлшерлеме өсті. Себебі Ұлттық банк бүгін 2024 жылы біртіндеп төмендеп келе жатқан базалық мөлшерлемеге бірден 1% қосып, 15,25%-ға жеткізді. Ұлттық банк бұл шешімін инфляция мен елдің экономикалық дамуына қатысты болжамдарды, нақты деректер мен тәуекелдерді ескере отырып қабылданған. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді түсіндіруге арналған брифинг барысында айтты.

Ұлттық банк басшысы қазан айында инфляция жеделдегенін айтып өтті.

Оған қатысты болжам да тұрақсыз болып тұр. Инфляцияға сыртқы факторлардан: әлемдік нарықта азық-түлік бағасының қымбаттауы, негізгі сауда-экономикалық әріптесіміз – Ресейдегі инфляция мен рубль бағамының құбылуы әсер еткен. Ал ішкі факторларға ҰБ төрағасы тұрғын-үй коммуналдық саладағы реформалар, ұсыныстан асып түскен ішкі тұтыну сұранысы, теңгенің құнсыздануы мен жоғары инфляциялық күтулерді атады.

Сонымен қатар Сүлейменов қазынада қаржы тапшы кезде салық аз түсіп жатқандықтан, инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

«Осы факторлардың бәрі жинақтала келе, инфляция 5%-дық межеге бұған дейінгі болжамымыздан кешігіп жететін байқатады. Экономикалық өсімді тұрақты болу үшін қатаң ақша несие-саясатына қайта оралуыміз керек», – деді ол.

Оған қоса, ҰБ ел экономикасының негізі көрсеткіштеріне қатысты болжамын қайта қарап, оларды төмендетіп отыр. Мәселен, 2024 жылға болжанған инфляция 8-9%-ға деңгейінде нақтыланса, 2025 жылы – 6,5-8,5%-ға дейін, 2026 жылы – 5,5-7,5%-ға дейін өсуі ықтимал.

Бұған дейінгі екі шешімінде Ұлттық банк базалық мөлшермені 14,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырған еді. Қаржы сарапшылары да осы жолы бас банк негізі мөлшерлемені өзгертпейді деген болжам жасаған болатын.

Алайда ҰБ базалық мөлшерлемені бірден 15,25%-ға жеткізу туралы шешім шығарды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1428