Нұрлан Байбазаров: Ешқандай дефлот күтілмейді
Валюта нарығындағы құбылмалық барлық уақытта болды және бола да береді. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
– Ең алдымен, ешқандай дефолт күтілмейді. Жалпы, қаржылық жай-күй тұрақты, мемлекеттің қоры бар. Сонықтан бұл орайда дефолт жайлы айтудың жөні жоқ, – деді Нұрлан Байбазаров.
Оның атап өтуінше, еліміздің құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарға тәуелділігі бар. Дегенмен, Үкімет негізгі тауарлар импортына тәуелділікті төмендетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар вице-премьер валюта нарығындағы құбылмалық барлық уақытта болған және бола да беретіндігін баса айтты.
– Мұндай құбылмалық барлық уақытта болды және валюталық құбылмалық бола да береді. Мәселе, валюталық бағамның мұндай құбылмалығының теріс ықпалын төмендету үшін оған қалай әрекет етуде, қандай алдын алу шараларын қабылдауда. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың арқасында мұндай тәуекелдердің іс жүзінде жоқ екендігін айта аламын. Өйткені, мұндай тәуекел түрлеріне белгілі бір құралдар бар және олар жұмыс істеп тұр. Яғни, компаниялар банктер жобалар жүзеге асырылып жатқан кезде өздерін қалай сақтандыру керектігін біледі, – деді ол.
Abai.kz