Сенбі, 2 Мамыр 2026
Қылмыс 2024 0 пікір 3 Желтоқсан, 2024 сағат 15:50

Спорт мамандары жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Сурет: bilimdinews.kz сайтынан алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті спорт және әлеуметтік салалардағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген талдау барысында 48 жалған диплом анықтады.

Бұл дипломдар ведомстволық деректер базасында және мұрағаттарда тіркелмеген, сондай-ақ оларда қойылған мөрлер мен ректорлардың аты-жөндері сәйкес келмейді .

Жалған дипломдардың көмегімен азаматтар жаттықтырушыдан бастап директордың орынбасарына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарып келген. Оларға бюджеттен 349 млн теңгеден астам жалақы түріндегі қаражат төленген. Қазір бұл жәйт бойынша полиция қылмыстық істер қозғады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 829
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 694