Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 1026 0 пікір 6 Желтоқсан, 2024 сағат 15:13

АЭС құрылысы: Қазақстан Франциямен келіссөз жасады

Сурет: ҚР Энергетика министрлігінен алынды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан Үкіметі Француздық атом саласындағы компаниялармен кездесті.

Қазақстан өкілдері атом электростаницяларының операторы  EDF компаниясы , АЭС-ке жабдықтар шығаратын Framatome компаниясы, АЭС-ке арналған турбина жабдығын жеткізумен айналысатын Arabelle Solutions компаниясымен келіссөз жүргізді деп хабарлады  энергетика министрі.

Франция делегациясы атом және радиациялық қауіпсіздік институтының ( IRSN ) дағдарыс орталығы мен атом электростанцияларына жабдық шығаратын зауытта болды.

Париж Астанаға АЭС салу жобасына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді деп мәлімдеді министрлік.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда биыл 6 қазанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген. Астана бұған дейін АЭС салуға Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Кореи (KHNP) компанияларын қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1671