Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Масқара! 362 0 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 14:45

Депутат: «108 жастағы» сиырға субсидия төленген!

Сурет: agroinfo.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Жоғары аудиторлық палатаның субсидия саласына жүргізген аудиттің қорытындысын талқылау кезінде адам ақылына сыймайтын заңсыздықтарын бетін ашқан.

Баспасөз мәслихатында Әлихан Смайылов депутат келтірген деректердің рас екенін айтты.

— Субсидия жымқыру тәсілдерінің шектен шыққан сонша 1299 айлық ірі қараға субсидия төлеу фактісі анықталған. Бұл 108 жыл деген сөз. 1917 жылдың наурызында туған мал деп келтірген. Басқаша айтсақ, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын туған сиырға субсидия берген, — деген депутат Бақытжан Базарбек.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы бұл факті аудит кезінде анықталғанын айтады.

— Ол фактілер шынымен де бар. Ол фактілер аудиторлық қорытындыны деректерінен алынып отыр. Кейбір ауылшаруашылық құрылымдар тиісті мөлшерден жоғары көлемде субсидия алғаны туралы фактілер бар. Бір іс-шараға екі мәрте субсидия алу деректері кездеседі. Өкінішке қарай, бұл фактілердің бәрі ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың талапқа сай болмай тұруымен байланысты, — деді ол.

Палата басшысы Бақытжан Базарбек келтірген дерек оңтүстік өңірлердің бірінде тіркелгенін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1675