Сәрсенбі, 18 Желтоқсан 2024
Айқай 735 17 пікір 16 Желтоқсан, 2024 сағат 12:12

Назарбаев Путинге не үшін барды? Депутаттар не дейді?

Суреттер: kaztag.kz, kazpravda.kz, parlam.kz, kaz.inform.kz.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлгінде Ресейге сапарлап барды. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Ново-Огаревода жолыққан. Бұл ақпарат 13 желтоқсанда жария болды.

Экс-президент Назарбаев пен Путиннің жолыққаны туралы өзге деректер айтылмады. Кремль сайты: «Назарбаев пен Путин сыртқы саясатты талқылады», - деп қысқа қайырған.

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Осы хабар ақпараттық кеңістікте қызу талқылануда. Қоғам экс-президенттің Ресейге сапарлап баруын сан-саққа жоруда.

Осы ретте біз Мәжілістің барқатар депутаттарының Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары туралы пікірлерін Abai.kz оқырмандарының талқысына ұсынбақпыз!


Сурет: parlam.kz сайтынан алынды.

Назарбаевтың Путинге «поклон» жасау сапары: «Ескінің реваншизмі» 

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

– Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинге «поклон» жасау сапарынан кейін, елдегі барлық олқылыққа Парламентті жазғыратын қоғам «депутаттарды сою» синдромын қайтадан қоздыра бастаған сыңайлы. «Мәжілістегі депутаттар елдегі реваншизмге қарсы неге әрекет жасамайды?» деген сұрақ әлеуметтік желілерді теңселтіп тұр.

Осыған орай, Парламенттің 21-қараша күнгі пленарлық отырысында жария еткен депутаттық сауалымды ықшамдап, қайыра ұсынуды жөн көрдім. Оқып көріңіз, артық-кемін патша көңілді қауымның өзі пайымдап алар.

Ескерте кетейін, «ескінің реваншизмі» мен «жаңаның саботажы» турасында былтырдан бері Парламенттің жалпы отырысында бірнеше рет мәселе көтергенімде, «жоқтан барды қоқсытқанды қою керек қой» деген сыңаймен, желінің пікір серкелері мені күлкі қылғаны да бар еді. Әлбетте, мен өзімді елдегі пікірлердің алтын қазығы санаудан аулақпын. Дегенмен өз құзіреті мен қолданыстағы заңнамалар беретін мүмкіндіктер шеңберінде Мәжіліс депутаттары «еститін» билікті де, қотиындау қоғамды да құлағдар етіп жүргенін осы жарияланым арқылы қаперге салғым келеді.

***

ЕСКІНІ АҢСАУШЫЛАР БАС КӨТЕРЕ БАСТАДЫ!

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Ермек Сағымбаевқа!
ҚР Ақпарат және мәдениет министрі
Аида Балаеваға

...Жуықта әлеуметтік желілер арқылы Парламент Сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарағаны мәлім. Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами «артықшылығы» болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ бұл адам – Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшы ретінде жоғары саяси лауазым иесі болғанын ұмытпаған жөн. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің «артықшылығын» дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек.

Әсіресе қазақ қоғамына (қайталап айтам, қазақ қоғамына) іріткі салуға астыртын бағытталған осындай «ескіні аңсау» үрдісі бүгінде саяси сипат ала бастаған сияқты. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мұндай манипуляция арқылы «жаңа Қазақстанды» саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, «билікке қайтып келу» әрекетінің әлпетін сезіну қиын болмаса керек.

Мәселен, тағы бір мысал: Қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар, қантөгіске себепші болды деп саналатын «теріс діни ағымның» көсемі бостандыққа шыққан соң, оның жақтас жандайшаптары қоғамның саяси санасына «қиқым салуға» белсенді түрде кірісуде. Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, ақырында шетелге қашып кеткендер біртіндеп елге орала бастады.

Енді олар ұлттық мұдде-мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны ел ішіне үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда. Мақсат – әзірге онсыз да ала-құла қоғамда әлеуметтік-протестік теңселіс пен наразылық толқуларын тудыру. Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы оларды өз «бауырларына» басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселістер тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті.

«Бүгінгі билік отставкаға кетеді», «мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға дайындық жүріп жатыр», «депутаттардан ұят кетті» (мен өзімді ұяттан кеттім деп айта алмаймын және өзгеге де айтқызбаймын) деген сияқты жалаң трендтердің әлемжеліге еркін тарауына сол реваншистік күштердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болуда. Бұның бәрі «бұрынғының кезінде мұндай болмаған» деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саяси технологиясы деп қабылдау керек.

Мен дәл осындай контрпропагандалық материалдардың бір парасын бұған дейін тиісті ведомстволардың жоғары лауазымгерлеріне жолдаған едім. Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай «ескішіл» астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (КНБ) басшылығынан сұраймын.

Әлбетте, мен мүдделі мекемелерді мәні майысқан мәселенің анық-қанығын, мемлекттің діңі мен діңгегін солқылдатуға тырбанған реваншистік күштерді анықтауға шақырғанда, депутат Бапи сөз бостандығына нұқсан келтіруге әсер етуде деген ой болмауы керек. Ешқандай заңсыз қудалау болмауы тиіс. Бұл ұлттың, елдің, мемлекеттің тұтастығына тәнтіліктен туған бастама деп қабылдануы керек.

Бірақ жеме-жемге келгенде, «ескішілдік» технологиясы ұлттық тұтастыққа қастық қылатын, қазақ қоғамын саяси лагерьлерге бөлшектеуге құштар «сөз бостандығы» біздің елдік болашағымызға қатер тудыруы әбден мүмкін. Қазақстанның қауіпсіздігіне, жуық болашақтағы елдік мұратына қаскүнем мұндай сөз бостандығы бізге қаншалықты қажет?!

Сол сияқты «бұрынғы билікті» аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін «жаңа Қазақстанға» қарсы айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер де әшкереленуі керек. Қазақтың мың жылдық ұлттық мұраттары мен ұлттық салт-дәстүрі шариғатпен емес, тиісті заңнама нормаларымен реттелуі тиістігін ұмытпайық!

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

«Ақылды қартаю да өнер екен»: Реваншизмге жол жоқ!

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

– Қазақстанда реваншисттік күштер дәстүрлі түрде жылдың аяғында «қоза бастайды».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шетелге шығып келсе, ел ішінде әр-түрлі ақпараттық, саяси дүмпулер болуы дәстүрге айналып отыр. Бұл да шындық.

Міне, Н. Назарбаев Ресейге жол тартыпты. Бұл нені білдіреді?

Егер назар аударсақ, екі айда Қазақстан ішінде мемлекетке, нақты Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы ақпараттық шабуылдар да болып жатыр. Бұл тенденцияны «саяси соқыр» ғана көрмей отырған шығар.

Реваншисттер Қазақстандағы әр-бір оқиғаны мемлекетке қарсы пайдалануға тырысып отыр! Өткен екі айдың ішінде Қазақстанға іштен де, сырттан да ақпараттық шабуыл үдеп барады! Бұл сол Қаңтардағы жеңіліс үшін ревашисттердің өш алуға тырысуы!

Конституция бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын анықтайтын - Президент! Бүгінгі Президент - Қасым-Жомарт Тоқаев!

Бұрынғы президенттің мына турбулентті заманда басқа мемлекеттің басшысымен кездесуін қалай түсінуге болады? 2022-жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін: «Мен зейнетке шыққанмын, барлық өкілеттілікті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым», - деп Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мәлімдеген!

«Енді саясатпен айналыспаймын!» деп тағы бірнеше мәрте мәлімдеді! Әлде, зейнетке шыққаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлында «ұмытшақтық» пайда болды ма екен?

Онда Нұрсұлтан Әбішұлына Назарбаевтар жанұясына қатысты коррупциялық мәселелер бойынша сұрақтардың таусылмағандығын, Қаңтар оқиғасының нақты себептері бойынша да сұрақтардың бар екендігін, «Назарбаев Фондының» табиғатын да зерттеу мүмкін екендігін жеткізу қажет тәрізді!

Егер де, бүгінгі басшылық өткен саяси режимге қатысты барлық сұрақтарды, әзірше қоймай отырса, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақсақал» ретінде тыныштығын алмайық деген гуманитарлық фактор!

«Капиталды қайтару бойынша да» қосымша сұрақтардың тек қана «Назарбаевтар» жанұясына қатысты екендігін қоғам түсініп отыр! Осындай ауыр жүкті арқалап алып, неге халықты дүрліктіре беретіндігі түсініксіз!

Мен айтарым: «Реваншизм не пройдет! Реваншизмге жол жоқ!».

Қазақстанның тыныштығы мен бірлігін реваншисттерден сақтау үшін барлық заңды әдістердің бәріне барамыз! Сондықтан, зейнетке шыққаннан кейін, елге бейнет жасамай, тыныш жүрген ақыл болады.

«Ақылды қартаю да өнер екен». Елдің тыныштығын бұзғандар оңбайды! Бұл анық!

Бүгінгі мына алай-дүлей заманда басты мақсат - Ел Бірлігі! Қазақстанның саяси тұрақтылығы өте маңызды аспект. Ынтымақ, Ықпалдастық, Жасампаздығымыз арта берсін!

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Нурсултан Абишевич - это человек советской номенклатуры

Самат Нұртаза, Мәжіліс депутаты:

– Экс-президент Казахстана Н.Назарбаев ВЧЕРА встретился в Москве с президентом Российской Федерации В.Путиным.

Если честно, у меня такие встречи вызывают какую-то внутреннюю тревогу. В голове сразу всплывает Петербуржская встреча от декабря 2021 года, после которого случились “Каңтарские события”. Я убежден, что каждый человек должен заниматься своей непосредственной работой и соответствовать той позиции которой он занимает в данный момент.

Вот смотришь на других экс-президентов, спокойно живут на пенсии, ходят по приглашению, дают советы своей молодежи, в политику не лезут и остаются в почете. Я не видел и не слышал, что бы Шушкевич или Кучма встречались с президентами других стран в статусе “экс”. Я не помню что бы Шеварднадзе или Акаев мелькали на политических встречах после своего ухода. Почему наш экс-глава не может угомониться? Зачем эти ежегодные полеты в Москву?

А может это привычка? Многолетняя привычка времен СССР, когда надо было летать в Кремль за одобрением? Все-таки Нурсултан Абишевич - это человек советской номенклатуры, как ни крути … тем более летал бы он просто как турист - никто бы слова не сказал. А тут сразу с аэропорта и в Ново-Огорево, к ВВП. Тревожно как-то. Не хочется потрясении и волнении, если честно …

В народе и без того всякие слухи ходят, а теперь после поездки в Москву, снова в обществе и даже в руководстве страны у некоторых могут быть всякие инсинуации, которые в свою очередь негативно отражаются на сплоченности и стабильности страны.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1866