Соғыс: Мәскеу үшін Татарстан таяқ жеуде...
Әуелі ақпараттан бастайық: Өткен сенбіде Украинаның соққылаушы дрондары кезекті рет Татарстанның Қазан қаласына шабуылдады.
Татарстан райысы (басшысы) Рустам Минниханов: «Қазанға шабуыл жасаған 8 соққылаушы дронның үшеуі қорғаныс өнеркәсібі кешенінің нысандарын көздеген. Қалған дрондар тұрғын үйлерге түсті», - деп айтты.
Украина Татарстанды алғаш рет шабуылдап отырған жоқ. Осымен 6-ші рет Украинаның от бүркеген темір құстары Татарстанның мазан алды.
2024 жылдың 2 сәуірі: Ресей құрамындағы федералды субьект саналатын Татарстан жойқын соққының астында қалды. Татарстанның «Алабұға» деп аталатын арнайы экономикалық аймағына камикадзе дрондар арқылы соққы жасалды. Шабуылға жарылыс қуаты күшті дрондар қолданылған. Ол жолы соққы Татарстанның «Алабұғасында» орналасқан «Shahed» дрондарын құрастыратын зауытқа жасалған. Соққы «Алабұғамен» қатар «Нижекамскі» технологиялық өндірісіне де жасалған. Бұл нысан Украина шекарасынан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан.
2024 жылдың 17 сәуір: Қазан әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі – Украинадан соққылаушы дрондар ұшып келіп, қауіп төндірді. Сол жолы Нижекамскі әуежайы да жұмысын тоқтатты. Қазан авиазауыты дабыл қақты. Набережный лелнов ауданы маңында Украина дрондары айқас салды.
2024 жылдың 15 мамыры: Украина дрондары тағы да Татарстанға ұшып жетті. Бұл жолы Қазан әуежайынан 25 шақырым жердегі Верхний Услонда жарылыс дауыстары естілді.
2024 жылдың 23 мамыры: Украина дрондары Алабұға мен Нижнекамскі аспанында атойлап жүрді. Бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатып, адамдарын эвакуациялауға мәжбүр болды.
2024 жылдың 31 мамыры: Қазан мен Нижнекамскі әуежайлары тағы да дрон соққысынан сақтанып, жұмысын кідірістетті. Украина дрондары бұл жолы Атнинскі ауданындағы зауытқа және Қазанның солтүстік бөлігіндегі «Оргсинтез» зауыттарына соққы жасады.
Осылайша Мәскеудің басқыншылық соғысы үшін бодандықтағы Татарстан кезек-кезек таяқ жеп жатыр...
Abai.kz