Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Бәрекелді! 381 4 пікір 27 Желтоқсан, 2024 сағат 12:18

Америкада Берке хан туралы кітап шықты

Сурет: amazon.com сайтынан алынды.

Жошы ханның үшінші ұлы, Батудың інісі, Алтын Орда ханы. Көк Орда мен Ақ Орда билігін тиімді бекіткен хан ретінде тарихта аты қалған Берек ханды жақсы білеміз.

Оның тарихта қалған есімі де көзқарақты адамға жақсы таныс. Бірақ оның есімі тарихи тұлғалар мен ұлы хандарды зерттеу барысында үнемі тасада қала беретіні шындық. Зерттеуші Фламур Вехапи ағылшын тіліндегі алғашқы еңбегінде исламды қабылдап, мұсылман әлемімен жиі қақтығысатын империяның ортасында мұсылман хандығын құрған моңғол басшысы Берке хан туралы ғылыми зерттеуін оқырманға ұсынды. Бұл қысқаша өмірбаяндық шығарма түркі, моңғол және батыс деректерінен алынған ауқымды зерттеулерге негізделген еңбек.

Кітапта Алтын Орда көсемінің жан-жақты көрінісін беретін егжей-тегжейлі уақыт кестелері, карталар және терминдер мен глоссарийі қоса берілген. Бұны Алтын Орда ханы Беркенің мұхиттың ар жағындағы оқырманға таныстыратын бірден бір маңызды кітап деуге болады.

Кітап жарық көрген соң, көптің алқауына бөленгені анық. «Бұл шынайы зерттелген және деректермен негізделген өмірбаяндық кітап. Жақсы жазылған және тосын сыйларға толы!» деген пікірін айтады профессор, «Ало комитетінің» авторы Насер Бреса.  «Алтын Орданың «Берке ханы» — моңғолдардың тұңғыш мұсылман көсемі Берке ханның Алтын Орда мен оның аймақтағы мұрагерлеріне күні бүгінге дейін тигізген әсері туралы оқуға жеңіл, қысқаша әңгіме» дейді «Атеизмге қарсы сенім» кітабының авторы, зерттеуші Брэндон Мэйфилд.

Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2064