Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3679 0 пікір 25 Қыркүйек, 2009 сағат 10:23

ҚР теңіз кемелерінің саны 240-қа жетті – ҚР ККМ

Ақтау. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Соңғы бес жылда Қазақстандағы теңіз кемелерінің саны үш есеге көбейіп, қазір олардың саны 240-қа жетті. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ҚР ККМ) көліктік бақылау комитеті Ақтауда теңізде жүзудің қауіпсіздік мәселелері бойынша өткізген көшпелі отырысының қорытындысы бойынша таратқан баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Құжатқа сәйкес, шарада Каспийде тасымалды жүзеге асыру барысында туындайтын негізгі проблемалар қозғалды: теңіз кемелері өтетін жолдарда теңізде жүзу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемелердің суға кеткен мүлкі, құрылыстары, бұрғылау қондырғылары.

«Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелердің жүзуін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету жеткілікті деңгейде емес.  Балық ауларын рұқсатсыз орнату мәселесі шешілмеген күйі қалып отыр, осының салдарынан аулардың кемелердің бұрандаларына оралып қалуы жиі кездесуде. Ұлттық заңнаманы Халықаралық теңіз ұйымының қолдауымен қабылданған конвенциялардың талаптарына сәйкестендіру қажет», - делінген хабарламада.

«Осылайша, кеңеске қатысушылар ағымдағы проблемаларды талқылап, оларды шешуді ерекше назарға алды», - деп атап көрсетілген баспасөз мәлімдемесінде.

Кеңеске кеме иелері, теңіз операторлары, теңіз сауда айлағының, классификациялық қоғамдардың және балық шаруашылығының, әскери-теңіз күштерін гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің өкілдері қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279