Бейсенбі, 9 Қаңтар 2025
Деп жатыр 333 0 пікір 8 Қаңтар, 2025 сағат 17:01

«Лукойлдың» Болгариядағы МӨЗ-ін «ҚМГ» сатып алмақ...

Коллаж: kz.kursiv.media

«Bloomberg» агенттігі дереккөздерге сүйеніп, «ҚазМұнайГаз» ресейлік «Лукойл» компаниясының Болгарияда орналасқан мұнай өңдеу зауытын сатып алуды жоспарлап отыр деп жазды.  

«Lukoil Neftohim Burgas AD» компаниясының негізгі акционері «Litasco SA» корпорациясы мен оған үлестес компания зауытты сатып алғысы келетіндерден ұсыныстар қабылдады, олардың арасында «ҚазМұнайГаз» да бар», - дейді «Bloomberg» дереккөздері.

Агенттіктің жазуынша, компания қаржыландыруды «Vitol Group-пен» талқылап жатыр. «Vitol» – әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай трейдері және Қазақстандағы ірі ойыншы саналады. 2018 жылы Украина «Лукойлға» санкция салған, бірақ шектеулер мұнай тасымалдауға әсер етпеген. 2024 жылы маусымда санкция күшейіп, транзитке тыйым салынған. Былтыр жазда Украина Ресейлік «Лукойл» компаниясының Словакия мен Венгрияға мұнай транзитін тоқтатқан. Олар мұнайды Ресейден «Дружба» құбырынан алатын.

Дереккөзі: «Азаттық» радиосы

Abai.kz

0 пікір