Сенбі, 11 Қазан 2025
Билік 1895 6 пікір 8 Қаңтар, 2025 сағат 17:08

Тоқаев Дархан Сатыбалдыға жоғары баға берді

Сурет: vlast.kz сайтынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады. Бұл туралы Ақорда телеграм арнасы жазды.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 818
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9887