Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2881 1 пікір 9 Қаңтар, 2025 сағат 15:54

Аса ірі алаяқтық: Сербиядан күдікті экстрадицияланды

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Бүгін ҚР ІІМ Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Сербия Республикасынан экстрадициялады. 

Күдікті 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңдегі аралықта «Kolesa.kz» сайтында арнайы техниканы сату туралы жалған хабарландыру орналастыру арқылы, 4 азаматтың ақшасын ұрлап, оларға 205 000 доллар шығын келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетті, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

2023 жылы ол Сербия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының өтініші бойынша елімізге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1527
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3147
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1143
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1056