Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2560 0 пікір 14 Қаңтар, 2025 сағат 18:23

Қазақстан: Лаңкестік жасамақ болған содырлар ұсталды

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында теріс діни ағымындағы радикалдар ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі мәлімдеді.

– ҰҚК Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған. Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 797
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2124
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 538
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 512