Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025
Билік 577 3 пікір 28 Қаңтар, 2025 сағат 19:09

Депутат: Банктер үкіметке көмектесу керек!

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Екінші деңгейлі банктерге қатысты мәселе айтылды. Осы ретте мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров пікір білдірді.

«Президентіміз бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Солардың бірі екінші деңгейлі банктердің экономикалық белсенділікке қатысу және белсенділікті көрсетуі. Оның себебі соңғы 15 жылдың ішінде біздің екінші деңгейлі банктер қыруар ақшаны үкіметтен алып, біздің санауымыз бойынша 6 трлн астам қаржыны қарызға алған. Оның барлығынан бірқатар пайдасын көрді. Бірақ солардың пайдасының арқасында экономикамыз не халқымыз банктерден ешқандай оңтайлы тұсын көріп тұрған жоқ. Сол себепті Президент сендерде қиын жағдай болған кезде үкімет қол ұшын созған кезде дәл қазір банктер нақты экономикаға қарай беттерін бұрып, көмектесу керегін айтты», - дейді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

3 пікір