Жұма, 31 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 128 0 пікір 31 Қаңтар, 2025 сағат 13:39

Елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде инфрақұрылымды ықтимал су тасқынына дайындау үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтемін. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. Осы іс-шараларды  іске асыру су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді ведомство басшысы.

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, су тасқыны аяқталғаннан кейін өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастады.

«Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде Министрліктің бөлімшелері жүзеге асыруда. Сондай-ақ Үкімет Аппараты инспекторларының қатысуымен бірнеше рет тексерулер жүргізілді. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс – шаралар іске асырылды», деді министр.

Abai.kz

 

0 пікір