Жұма, 7 Ақпан 2025
Әне, көрдің бе? 168 1 пікір 7 Ақпан, 2025 сағат 13:30

Миллиардер Маск министр Жұманғаринге көмектесе ме?

Суреттер: rapsinews.ru және tass.ru сайттарынан алынды.

Осы аптадағы елді елең еткізген оқиға «ҚазТАГ» агенттігінің: «АҚШ мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы, кәсіпкер Илон Маск Қазақстанға мемлекеттік бюджетті оңтайландыруда көмек көрсетуді ұсынды», - деген хабарламасы болды. Бұл туралы «ҚазТАГ» агенттігіне ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Экономика министрінің айтуынша, Маск қазақ министрлігіне шығып, өзінің оңтайландыру қызметін ұсыныпты.

Сурет: ҚазТАГ скрині.

Жұманғарин: «Мен оны шақырдым. Кел, бірге жұмыс жасайық, жұмыс тобын құрайық. Егер қысқартуға болатын нәрселерді көретін болсаңыз, шешеміз дедім», - деп ойын ары қарай жалғады.

Ол бюджеттің қысқаруы ақылға қонымды болуы шарт және республиканың қарапайым азаматына салмақ түсіруге тиісті емес екенін баса айтты. Жұманғарин жаңа Салық кодексінде ірі бизнес үшін жеңілдіктер қысқартылатынын мәлімдеді.

Ескеру керегі: Кейінірек министрдің баспасөз қызметі БАҚ материалдарында қате болғандығын түсіндірді. Журналистерге түсіндіргендей, Илон Маск Жұманғаринмен байланысқан жоқ. Министрге тек Трамп әкімшілігінде Маск жүргізетін жұмысқа ұқсас жұмыс жүргізу ұсынылған.

Abai.kz

1 пікір