Жұма, 28 Ақпан 2025
Жаһан жаңғырығы 147 0 пікір 27 Ақпан, 2025 сағат 22:47

Алпауыт АҚШ Украина жеріне ауыз салмақшы

Сурет: i-d-a.kz сайтынан алынды.

Ертең АҚШ-та Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесіп, Ресеймен арадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға қатысты мәмілеге жүгінеді және бірқатар келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Сарапшылардың болжамынша, Ақ үй Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, аталған елдің жер асты қазба-байлығына ауыз салмақ. Туғаннан коммерсант, сауда-саттықтың адамы -- Трампты Украина жеріндегі минералды ресурстар аса қызықтырып отырса керек.

Сонымен, Украинада не бар? Қараңыз:

- Украина уран кенінің дәлелденген қоры бойынша Еуропада 1-ші;
- Титан кенінің қоры бойынша Еуропада 2-ші және әлемде 10-шы орында;
- Марганец кенінің барлау қоры бойынша дүние жүзінде 2-ші орында (2,3 млрд. тонна немесе әлемдік қордың 12%-ы);
- Темір рудасының қоры бойынша дүние жүзінде екінші орында (30 млрд т);
- Сынап кенінің қоры бойынша Еуропада 2 орында;
- Еуропадағы тақтатас газының қоры бойынша 3-ші орында (әлемде 13-ші орында) (22 триллион текше метр)
- Табиғи ресурстардың жалпы құны бойынша әлемде 4-ші орында;
- Көмір қоры бойынша әлемде 7 орында (33,9 млрд тонна);
- Украина ауылшаруашылығы дамыған ел:
- Егістік жер көлемі бойынша бұл ел Еуропада бірінші орында;

  • Қара топырақты ауданы бойынша дүние жүзінде 3-ші орында (әлемдік көлемнің 25%);

-Күнбағыс және күнбағыс майының экспорты бойынша әлемде 1 орында;

  • Арпа өндіру бойынша әлемде 2 орында және арпа экспорты бойынша 4 орында;

- Әлемдегі үшінші ірі өндіруші және төртінші ірі жүгері экспорттаушы;
- Әлемдегі төртінші ірі картоп өндіруші;

  • қара бидай өндіру бойынша дүние жүзінде бесінші орында;
  • бал өндіруден әлемде 5-орында (75 мың тонна);
  • бидай экспорты бойынша әлемде 8-орында;
  • тауық жұмыртқасын өндіру бойынша әлемде 9 орында;

-Ірімшік экспорты бойынша әлемде 16 орында;

  • Украина 600 миллион адамның азық-түлікке деген қажеттілігін өтей алады.

-Украина -- өнеркәсібі дамыған ел:
-Аммиак өндіру бойынша Еуропада ол 1 орында;
- Еуропадағы және әлемдегі төртінші ірі табиғи газ құбыры жүйесі (ЕО 142,5 млрд текше метр газ өткізу мүмкіндігі) де Украинада.

  • Ол Еуропада атом электр станциясының орнатылған қуаты бойынша үшінші, ал, әлемде сегізінші орында;

- Ұзындығы жөнінен Еуропадағы 3-ші, әлемдегі 11-ші теміржол (21700 км) да Украина жерінде.
- Локаторлар мен позициялау құрылғыларын өндіру бойынша әлемде 3 орында (АҚШ пен Франциядан кейін);
- Әлемдегі үшінші ірі темір экспорттаушы ел де -- Украина.
- Атом электр турбиналарының әлемдегі төртінші ірі экспорттаушысы -- Украина.
- Әлемдегі төртінші зымыран тасығыш өндірушісі де --- Украина.

  • Балшық экспорты бойынша әлемде 4-ші орынды иеленеді.

- Титан экспорты бойынша әлемде 4-ші орында;
- кен және концентрат экспорты бойынша әлемде 8-ші орында;
- қорғаныс өнеркәсібі өнімінің экспорты бойынша әлемде 9-шы;
- Болат өндіру бойынша дүние жүзінде 10-шы орында (32,4 млн. тонна).

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

0 пікір