Имидждік іс-шараларға қанша қаражат жұмсалады?

Елімізде имидждік іс-шараларға миллиондап қаражат жұмсалатыны өтірік емес. «Не үшін?» деген сұраққа Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді.
Вице-министрдің сөзінше, республикалық бюджеттен имиджді іс-шараларға кететін шығын 0,01 пайыз ғана. Қасенов мұндай имиджді іс-шаралар, оның ішінде инвестициялық форумдар – әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын негізгі құрал екен.
«Бұл іс-шаралардың белгілі бір шектеулер аясында орынды екенін есептейміз. Бұған дейін шетелдік инвестиция көлемі 20 млрд доллар екенін айтқан едім. Олардың бір бөлігі осындай іс-шаралардың арқасында тартылып отыр. Инвестиция тарту мен экспортты дамыту үшін 1-ден 3 млн доллар көлеміндегі іс-шараларды өткізуге толықтай негізделген», – дейді Қасенов Үкімет отырсынан соң өткен брифингте.
Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, мұндай тәжірибе капитал мен инвестиция тартуға, елдің экспорт әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет отырысында Қазақстанда бизнесті қаржылай қолдау жаңа деңгейге көтерілетіні айтылды.
Сондай ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министріне вокзалдардың құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Abai.kz