Жексенбі, 9 Наурыз 2025
Жаңалықтар 215 0 пікір 7 Наурыз, 2025 сағат 18:42

Алматыда Қазақстанның 2024 жылғы үздік оқытушылары мен ғалымдары марапатталды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бұл байқаулар жыл сайын дәстүрлі түрде оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру, сондай-ақ ғылым дамытуға үлес қосқан ғалымдарды қолдау мен көтермелеу мақсатында өткізіледі.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Конкурс қорытындысы бойынша марапаттар ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің 50 ғалымына, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының 150 оқытушысына табыс етілді. Байқау жеңімпаздары 2000 АЕК мөлшерінде сыйлықақы алды, бұл 7 миллион теңгеден астам соманы, сондай-ақ төсбелгілерді құрайды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

 

0 пікір