Сәрсенбі, 12 Наурыз 2025
Бетбұрыс 174 0 пікір 11 Наурыз, 2025 сағат 13:40

Ғылымды цифрландыру: Олжас Бектенов үш тапсырма берді

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында ғылымды цифрландыру бағытында бірқатар тапсырма берді.

«Отандық ғылымның тиімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылығының барлық процестері ашық болуын қамтамасыз ету үшін жұмыстарды барынша жандандыру қажет болады», - деген Үкімет басшысы мынандай тапсырмалар берді:

  1. Ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылым институттары мен инновациялық өндірістердің аумақтық шоғырлануын ескере отырып, ғылыми қалашықтар құру тұжырымдамасын әзірлеуі тиіс.
  2. Әкімдіктер Ұлттық экономика, Ғылым, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өңірлер бөлінісінде ғылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды декомпозициялау жұмысын жүргізуі қажет. Әрбір әкімдік ғылыми-технологиялық сессиялар өткізіп, ғылымды дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдауы тиіс.
  3. Ғылым және Цифрландыру министрліктері жылдың соңына дейін цифрлық ғылым порталын іске қосуы тиіс. Онда барлық ғылыми жобалардың, гранттардың, зерттеу нәтижелері мен жарияланымдардың дерекқорларын интеграциялау керек. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді енгізу үшін жасанды интеллект технологияларын да пайдалу қажет.

Бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Abai.kz

0 пікір