Басты кедергі - БҰҰ бекіткен территориялық тұтастық!

АҚШ осыған дейін бейбітшілік үшін Украинадан «Ресей окуппациялаған жерлерді Ресейге тастап кетуді» талап ете бастаған болатын...
Осыны қош көрген Ресей басшылары, тіптен, Украинаға тиесілі 4 облысты түгелімен, оған қоса Қырымды «Ресей жері» деп Украина ғана емес, бүкіл әлем мойындауын талап етуге көшті.
Ресей оның «заңдық негізі» ретінде өздерінің Конституциясына енгізген осы өзгерістерді басшылыққа алатынын жасырмай айтты да.
Алайда, ондай «конституциялық өзгерістер» тек Ресейге қатысты оның «ішкі мәселесі» болғандықтан - әлем елдері оны мойындамады.
Себебі, бұл - Халықаралық заңды бұзу, екі ел арасындағы осындай агрессия мен терроризмді заңдастыру болып шығады.
Олай болса, Ресей өз әскерін Украинадан БҰҰ шегарасының бойымен (1991 ж) толық әкетпейінше, Украина «Өзінің территориялық тұтастығын қорғаушы, яғни - Отан соғысын өткеруші және өз Конституциясына сай әрекет етуші мемлекет» саналады да, ол майдан шебіндегі атысты тоқтата алмайды.
Атысты тоқтату - Украинаның капитуляциясы болады.
«Ендеше, - дейді, - Украина тарапы, - біз және РФ елдегі, тылдағы энергетикалық инфраструктураны атқылауды тоқтатайық»...
Бірақ оған Ресей жағы көнбей отыр.
Осыған қарамастан, Украина тарапы Сауд Арабиясында АҚШтың бітімшілер делегациясымен кездесіп, келіссөздер жасауы барысында өте шебер дипломатиялық қадамдар жасады.
Украина делегациясы – «Украина уақытша атысты тоқтатуға даяр» деген шешімге келісті.
Бұл жағдайда, Украина тек ұтады.
Себебі, енді «шешуі қиын диллемма» Ресейдің сұрағына айналды:
Ресей «Жоқ» десе, өзі агрессор ел екенін мойындайды, «Иә» десе - ол өзі санкциялар аймағында қала береді де, Украина әскерінің тым күшейіп кетуіне жол береді...
Осыдан кейін АҚШ тарапы «Украинаға қару беруді тоқтату және спутниктік барлау дерегінен шеттету» деген жақында шығарған шешімінен бас тартатын болды...
Сонымен, осылай өткен «АҚШ-Украина түсінбеушілігі» Украина үшін пайдалы аяқталды:
- Еуроодақ Украинаға көмекті ондаған есе арттыру жобасын жасап жатыр
- Еуропа өзінің әскери өндірісін дамыту элементіне Украинаны қосты.
- АҚШ бұрынғы уәделескен әскери көмегін жалғастыратын болды.
Мұнда, мынаны айта кету керек: АҚШ Ресейді қолдаған аз уақытта жүздеген миллиард долларға шығынға батып үлгерді... деген есептер шықты - оны ешкім терістеген жоқ.
Сөйтіп, әлемнің агрессияны емес, бейбіт демократияны таңдайтыны осыдан айқын көрініс тапты деп қорытындылауға болады.
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz