Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1768 0 пікір 26 Наурыз, 2025 сағат 13:15

Елімізде 2000 адам банкрот деп танылды

Сурет: Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан алынды.

Елімізде банкроттықты талап етушілер қатары көбейген. Дегенмен, барлық өтініш мақұлдана бермейді. Оған не себеп? Жалпы банкроттықтың қай түрі сұраныста? Жыл басынан бері елде екі мың адам банкрот деп танылды. "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңының мүмкіндіктерін пайдалануға ниеттілер көп. 2023 жылғы өтініштер 77 мыңнан асса, былтыр 83 мыңға жетті. Ал биылғы үш айда 37 мыңға жуықтаған.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтың айтуынша, соттан тыс банкроттық рәсіміне сұраныс көп. Оның аясында былтыр 11 мың адам банкрот деп танылды. Биыл 2 мыңнан астам азаматтың өтінімі мақұлданды.

Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, ақпанда мерзімі өткен несие көлемі 4%-ке өсіп, 24 млрд теңгеге жуықтады. Мұндай төлемдердің басым бөлігін тұтынушылық несиелер құрайды, екінші орында ипотекалық қарыз тұр. Бұл – 21,5 млрд теңге. Жалпы берешегінен құтылуға асықпайтындардың дені Алматы мен Астанада тұрады. Қос шаһардағы қарыз 280 млрд теңгеге тең.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 917
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2374
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 623
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 601